Аймақтық зерттеулер орталығы

Орталықтың байланыс деректері:

050013 Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 16-А

Телефон: +7 727 260-40-29

Электронды пошта: a.kamalov@turan.edu-kz

 

Аймақтық зерттеу орталығы 2020 жылы аймақтану және халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және университеттің білім беру бағдарламаларының академиялық құрамдас бөлігін нығайту үшін құрылған.

ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ «МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДА: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ КАВКАЗ ЕВРЕЙЛЕРІ» АТТЫ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ

2025 ЖЫЛДЫҢ 6-8 ҚАҢТАРЫНДА. «Тұран» Университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі жанындағы Аймақтық зерттеулер орталығы «Мәдениеттер тоғысында: Орталық Азия және Кавказ еврейлері» атты III халықаралық конференциясын өткізеді. Конференция Еврей музейінің зерттеу орталығы мен толеранттылық орталығы (Мәскеу), Бен-Цви институты (Иерусалим) және Тұран университетімен (Алматы) бірлесіп ұйымдастырылады, сондай-ақ Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының (CESS) қолдауымен өткізіледі. Конференцияның мақсаты — XIX-XX ғасырлардағы «колониялық дәуір» және қазіргі кезеңдеі Орталық Азия мен Кавказдағы әртүрлі еврей топтарының және олардың көршілері — басқа этностар мен конфессиялардың өзара әрекеттесуін және өзара әсерін зерттеу. Конференцияда келесі кең ауқымды тақырыптар қарастырылады, соның ішінде:

 

  • Модернизация мен көші-қонның еврей қауымдарының өміріне әсері;
  • Саяси белсенділік және билікпен өзара әрекеттесу;
  • Жергілікті және шетелдік (еврей және еврей емес) халықпен қарым-қатынас және өзара әрекеттесу;
  • Мәдени тарих және ассимиляция процестері;
  • Тілдер және тіл саясаты.

 

Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орталық Азия аймағына халықтардың көші-қоны мен демографиялық дағдарыстарға арналған секция өткізілмек. Бұл секцияда еврейлік тақырыппен байланысты емес зерттеушілер де сөз сөйлей алады.

 

Өтініштер орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады (синхронды аударма қамтамасыз етіледі).

 

Өтінішті мына сілтеме арқылы жіберуге болады.

 

Өтініштер 2025 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады. Таңдау нәтижелері 2025 жылдың 27 наурызына дейін жарияланады.

 

Халықаралық конференцияның ұйымдастыру комитетіне Аймақтық зерттеулер орталығының директоры, профессор Камалов Аблет Каюмович кіреді.

Мақсаты

Университеттің инновациялық-кәсіпкерлік қызметі аясында өткен тарихтағы және қазіргі кезеңдегі аймақтық даму мәселелері бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу.

Міндеттері
  • Аймақтық дамудың теориясы мен практикасы мәселелерін әзірлеу.
  • Аймақтық даму жөніндегі бастамаларды бірлесіп жобалау және іске асыру үшін мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен, бизнеспен, кәсіптік қауымдастықтармен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастық орнату.
  • ПОҚ пен университет студенттерінің білім беру, ғылыми-әдістемелік, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін интеграциялау.
  • «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламаларының (ББ) мазмұндық компонентін әзірлеу.
  • Орталық қызметін дамытуға бюджеттен тыс қаражатты тарту.
  • Ғылыми басылымдар және авторлық құқықтың басқа да объектілері түріндегі ғылыми, инновациялық және басқа да құралдарды жасау.
  • Орталық қызметі шеңберінде бастамаларды бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
  • Орталықтың ғылыми-зерттеу, сараптамалық-зерттеу жобалары шеңберінде ғылыми-әдістемелік, консультациялық, сараптамалық және басқа да қызмет түрлерін көрсету.
Қызметтің негізгі бағыттары
  • Қазақстан аймақтарының тарихи, мәдени, әлеуметтік дамуы және олардың шет елдермен байланысу мәселелері бойынша аймақтық дамудың теориялық және қолданбалы зерттеулерін жүргізу және жобаларды жүзеге асыру.
  • Семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастыру арқылы Орталық Азия аймағының және Еуразияның іргелес бөліктерінің тарихи және заманауи дамуының өзекті мәселелерін талқылау алаңын құру.
  • Аймақтану және халықаралық қатынастар бойынша бастамаларды бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Ғылыми жобалар
  1. «19501970 жылдардағы Қытайдан Қазақстанға көші-қонның ауызша тарихы» (20202022 жж.)
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы. Ауызша тарих саласындағы зерттеу әдістемесі бойынша семинарлар. Нәтижелерді жоғары импакт-факторы бар журналдарда жариялау (Scopus, Web of Science). Ұжымдық монографияның жариялануы. Индиана университетінің (Блумингтон қ., АҚШ) зерттеушісінің қатысуы. Ғылыми жетекшісі: А.К. Камалов.
  2. Ресей-Украина қақтығысы жағдайында қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігін қалыптастыру ерекшеліктері (20222024 жж.)
    Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру жобасы «Жас ғалым» (Э.Б. Асылтаева)
  3. Қандастарды қазақстандық қоғамға интеграциялаудың сәйкестендіру аспектілері (20232025 жж.)
    Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру жобасы «Жас ғалым» (Б. Шакеева)
Халықаралық жобалар

Towards alternative model of cultural heritage: mashraps in Kazakhstan (20182022 жж.)

 

Британ академиясының қаржылық қолдауымен Лондон университетімен бірлескен жоба. Серіктес – Лондон университетінің шығыстану және африканистика мектебі (проф. Рейчел Харрис). Нәтижелерді жоғары импакт-факторы бар журналдарда (Scopus) жариялау, деректі фильм жасау, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастық орнату.

Серіктестер
  • Лондон университетінің шығыстану және африканистика мектебі, Ұлыбритания
  • Индиана университетінің Еуразиялық зерттеулер департаменті, Блумингтон, АҚШ
  • Халықаралық Түркі Академиясы, Астана
  • ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
  • ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институты
  •  «Туран дуняси» түркі халықтарының мәдениет қоры
  • Мәдениет халықаралық ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы
Мұрағат
Online қабылдау