Аймақтық зерттеулер орталығы

Орталықтың байланыс деректері:

050013 Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 16-А

Телефон: +7 727 260-40-29

Электронды пошта: a.kamalov@turan.edu-kz

 

Аймақтық зерттеу орталығы 2020 жылы аймақтану және халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және университеттің білім беру бағдарламаларының академиялық құрамдас бөлігін нығайту үшін құрылған.

Мақсаты

Университеттің инновациялық-кәсіпкерлік қызметі аясында өткен тарихтағы және қазіргі кезеңдегі аймақтық даму мәселелері бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу.

Міндеттері
  • Аймақтық дамудың теориясы мен практикасы мәселелерін әзірлеу.
  • Аймақтық даму жөніндегі бастамаларды бірлесіп жобалау және іске асыру үшін мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен, бизнеспен, кәсіптік қауымдастықтармен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастық орнату.
  • ПОҚ пен университет студенттерінің білім беру, ғылыми-әдістемелік, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін интеграциялау.
  • «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламаларының (ББ) мазмұндық компонентін әзірлеу.
  • Орталық қызметін дамытуға бюджеттен тыс қаражатты тарту.
  • Ғылыми басылымдар және авторлық құқықтың басқа да объектілері түріндегі ғылыми, инновациялық және басқа да құралдарды жасау.
  • Орталық қызметі шеңберінде бастамаларды бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
  • Орталықтың ғылыми-зерттеу, сараптамалық-зерттеу жобалары шеңберінде ғылыми-әдістемелік, консультациялық, сараптамалық және басқа да қызмет түрлерін көрсету.
Қызметтің негізгі бағыттары
  • Қазақстан аймақтарының тарихи, мәдени, әлеуметтік дамуы және олардың шет елдермен байланысу мәселелері бойынша аймақтық дамудың теориялық және қолданбалы зерттеулерін жүргізу және жобаларды жүзеге асыру.
  • Семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастыру арқылы Орталық Азия аймағының және Еуразияның іргелес бөліктерінің тарихи және заманауи дамуының өзекті мәселелерін талқылау алаңын құру.
  • Аймақтану және халықаралық қатынастар бойынша бастамаларды бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Ғылыми жобалар
  1. «19501970 жылдардағы Қытайдан Қазақстанға көші-қонның ауызша тарихы» (20202022 жж.)
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы. Ауызша тарих саласындағы зерттеу әдістемесі бойынша семинарлар. Нәтижелерді жоғары импакт-факторы бар журналдарда жариялау (Scopus, Web of Science). Ұжымдық монографияның жариялануы. Индиана университетінің (Блумингтон қ., АҚШ) зерттеушісінің қатысуы. Ғылыми жетекшісі: А.К. Камалов.
  2. Ресей-Украина қақтығысы жағдайында қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігін қалыптастыру ерекшеліктері (20222024 жж.)
    Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру жобасы «Жас ғалым» (Э.Б. Асылтаева)
  3. Қандастарды қазақстандық қоғамға интеграциялаудың сәйкестендіру аспектілері (20232025 жж.)
    Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру жобасы «Жас ғалым» (Б. Шакеева)
Халықаралық жобалар

Towards alternative model of cultural heritage: mashraps in Kazakhstan (20182022 жж.)

 

Британ академиясының қаржылық қолдауымен Лондон университетімен бірлескен жоба. Серіктес – Лондон университетінің шығыстану және африканистика мектебі (проф. Рейчел Харрис). Нәтижелерді жоғары импакт-факторы бар журналдарда (Scopus) жариялау, деректі фильм жасау, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастық орнату.

Серіктестер
  • Лондон университетінің шығыстану және африканистика мектебі, Ұлыбритания
  • Индиана университетінің Еуразиялық зерттеулер департаменті, Блумингтон, АҚШ
  • Халықаралық Түркі Академиясы, Астана
  • ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
  • ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институты
  •  «Туран дуняси» түркі халықтарының мәдениет қоры
  • Мәдениет халықаралық ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы
Жаңалықтар

«Тұран» университетінің Аймақтық зерттеулер орталығының директоры, профессор Камалов А.К. Лондон университетінде дәріс оқыды

 

2024 ж. 6-9 маусым аралығында «Тұран» университетінде Орталық Еуразияны зерттеу қоғамдастығының (the Central Eurasian Studies Society /CESS) жыл сайынғы халықаралық конференциясы өтеді

 

Аймақтық зерттеулер орталығы Лиссабон университетімен және Орталық-Еуразиялық зерттеулер қоғамымен бірлесе «Еуразиялық көші-қон жүйесінің болашағы» халықаралық конференциясын өткізуі

 

«Еуразиялық көші-қон жүйесінің болашағы» халықаралық конференциясы

 

«Тұран» университетінің профессоры А.К. Камаловтың ғылыми жобасын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қолдады

 

«Тұран» университетінің профессоры Камалов А.К. Висконсин Университетінің Орталық Еуразиялық Зерттеу Институтының (Мэдисон, АҚШ) студенттеріне дәріс оқыды

 

Аймақтық Зерттеулер Орталығы жәдидтердің Өзбекстандағы Ағартушылық Қызметіне арналған Халықаралық Дөңгелек Үстел өткізді

 

Орталық Еуразиялық Зерттеу Қоғамының Президенті проф. А.К. Камаловтың “САМСА” (Сentral Asia-Mongolia-Caucasus-Afghanistan) Аймақтық Форумына қатысуы

Қабылдау комиссиясы