Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.  

Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қажетті құжаттар

  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтініш;
  • Төлқұжат көшірмесі;
  • Транскрипт;
  • «Тұран» университетінде оқуға ұсынылатын ХКҰ мерзіміне арналған пәндер тізімі (кафедра меңг. жанындағы ОЖБ)
  • Шет тілін білуді растайтын сертификат (немесе білім деңгейін растайтын ағыл. және қаз. тілдері кафедрасының меңг. қол қойған ресми бланкідегі ағылшын тіліндегі анықтама);
  • Марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т.б.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің академиялық мобльділігі Еуропа мен АҚШ-тың жетекші университеттерінде 1-2 семестрді оқуға грант ұсынады.

 

Қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды: ұшу, тұру (жатақхана немесе пәтер), визалық алымдар, медициналық сақтандыру.

Эразмус+

Эразмус+ – Еуроодаққа мүше елдердің университеттері, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Македония, Норвегия, Түркия арасында ынтымақтастық пен оқытушылар алмасуды қолдауға бағытталған, 2014 жылдан 2020 жылға дейін қолданылатын Еуропалық Одақтың коммерциялық емес бағдарламасы. Эразмус+ 33 елден 4 мыңнан астам білім беру мекемелері қатысады.

 

Бағдарламаның атауы голланд философы Эразм Роттердамның атынан болды, ол өз ой-өрісін кеңейту және жаңа білім алу үшін, Еуропаның көптеген қалаларында өмір сүрді және жұмыс істеді. Сонымен қатар, Erasmus сөзі (ағылш. – European Region Action Scheme for the Mobility of University Students) – “университет студенттерінің ұтқырлығын арттыру үшін Еуропалық қауымдастықтың әрекет ету схемасы” дегенді білдіреді.

 

Бағдарламаның негізгі мақсаты – Еуропадағы білім беру сапасын арттыру, еуропалық және ЕО-мен көршілес елдер студенттерінің ұтқырлығы мен мәдени байланыстарын дамыту. Бағдарлама студенттер мен оқытушыларға бағдарламаға қатысатын басқа елде оқудан, тағылымдамадан өтуге немесе сабақ беруге мүмкіндік береді.

 

Erasmus+ бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген үміткерлер конкурстық негізде іріктеледі. Студенттер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Turan University-де кем дегенде 2 жыл оқыған студент болу;
  • қабылдаушы университет белгілеген орташа балға ие болу;
  • қабылдаушы университетте оқыту жүргізілетін тілді меңгеру.

Жеңімпазды таңдау жіберуші университет тарапынан жүргізіледі. Оқу және тағылымдамадан өту мерзімі 3 айдан 1 жылға дейін, көп дегенде – 2 жылға дейін.  Білім алу бағдарламасына студент 1 рет және жұмыс тәжірибесі үшін 1 рет қатыса алады. Эразмус+  бағдарламасы бағдарлама бойынша оқыған студенттер елге оралғаннан кейін Эразмус+ бағдарламасы бойынша қабылдаушы университетте оқыған пәндерін жіберуші университет тарапынан есепке алынатынына кепілдік береді.

 

Студенттер қабылдаушы университетте оқу ақысын төлемейді, барлық шығындарды Еуропалық Одақ өтейді. Студенттер сондай-ақ шетелде шығындарды жабуға ай сайынғы стипендия алады.

 

Көптеген студенттер үшін, Эразмус+ бағдарламасына қатысу шетелге оқуға және тұруға алғашқы мүмкіндік. Нәтижесінде “Эразмус тәжірибесі” мәдени феномен ретінде танымал. Бұл қосымша білім алу ғана емес, басқа елдердің студенттерімен байланыс орнату мүмкіндігі.

 

Erasmus+ бағдарламасы бойынша ағымдағы конкурстар университеттің және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Zero grant Эразмус+

«Zero-grant» Эразмус студенттері оқу мақсатында ұтқырлыққа құқылы. Бұл барлық критерийлерге сәйкес келетін және Erasmus студенттерінің барлық артықшылықтарын пайдаланатын, бірақ ұтқырлық үшін ЕО-дан қаржыландыру (грант) алмайтын студенттер. Қаржылық қолдау көрсетуге байланысты ережелерді қоспағанда, Бағдарлама ережелері «Zero-grant» бар студенттерге де қолданылады.

«Мевлана» алмасу бағдарламасы

«Мевлана» алмасу бағдарламасы Түркия Жоғары білім беру кеңесінің ішінара қаржыландыруымен Turan University мен түрік серіктес университеттері (белгілі бір бағыттар бойынша) арасында білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құраммен алмасуды көздейді. Осы бағдарлама бойынша студенттер Түркияның жоғары оқу орындарының бірінде бір немесе екі семестр бойы оқуға, оқытушылар екі аптадан үш айға дейін дәріс оқуға мүмкіндік алады.

 

«Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысуға конкурс туралы хабарландыру ақпаратты тарату үшін институттар директорларына және кафедра меңгерушілеріне жіберіледі, сондай-ақ Turan University ресми сайтында (сонымен қатар, Instagram @univer_turan сияқты әлеуметтік желілерде) орналастырылады.

«Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысу үшін талаптар

Білім алушыларға (бакалавр студенттеріне, магистранттар, докторанттар):

  • ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі (болмаған жағдайда жеке куәлігінің көшірмесі);
  • Бұрын Мевлана алмасу бағдарламасына қатыспаған болу керек;
  • Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы меңгеру (шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат);
  • GPA орташа балы: бакалавр студенттеріне – 4,0-дің ішінде 2,5-тен кем емес; магистранттар мен докторанттарға – 4,0-дің ішінде 3,00-ден кем емес;

Оқытушыларға:

  • ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі (болмаған жағдайда жеке куәлігінің көшірмесі);
  • Бұрын Мевлана алмасу бағдарламасына қатыспаған болу керек;
  • Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы меңгеру (шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат);
  • Түйіндеме, жарияланымдар тізімі, дәрістер/семинарлар жоспары;
  • Аптасына 6 сағаттан кем емес дәріс оқу;

Қаржыландыру

Білім алушылар үшін

Студенттер оқу ақысын төлемейді және «Мевлана» алмасу бағдарламасы шеңберінде қабылдаушы университеттің пайдасына ешқандай қосымша шығыстар көтермейді, бірақ олар өздері келген университетте оқу ақысын міндетті түрде төлеуді жалғастырады (егер олар ақылы бөлімнің студенттері болса). Mevlana алмасу бағдарламасы студенттерге Түркия Жоғары білім кеңесінің (YOK) қолдауымен ай сайынғы 1200-1300 TL шәкіртақы алумен тегін оқытумен қамтамасыз етеді. Шәкіртақы студенттерге қабылдаушы университетке келгеннен кейін 4 ай бойы, ай сайын төленеді.

Оқытушылар үшін

Mevlana бағдарламасы аясында оқытушылар үшін күніне 45-55 түрік лирасы мөлшерінде тәуліктік шығындарды жабуға қаражат бөлінеді. Сондай-ақ, 3000-3500 түрік лирасы мөлшерінде көлік шығындарын өтеу қарастырылған.

Тұран университетінің оқытушылары Басқарушылық Кадрлар Университетінде Эрасмус+ KA171 бағдарламасына қатысты

2024 жылдың 28 қыркүйегінен 4 қазанына дейін «Туран» университетінің профессорлары Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызы мен Ниеталина Гаухар Құдайбергенқызы Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында Польшадағы Конин қаласында орналасқан Басқарушылық кадрлар университетінде (University of Management Personnel) дәріс оқыды.

 

Польшада болған уақытта профессорлар Басқарушылық кадрлар университетінің ректоры, профессор Кшиштоф Купинскиймен және Волынь Ұлттық университетінің (Леся Украинка атындағы) профессоры Олена Ивашко мен проректоры Игорь Чулипа, сондай-ақ Грузиядағы Еуропалық университеттің оқытушысы Гурам Шерозиямен кездесу өткізді. Кездесу барысында университеттер арасында ғылыми-зерттеу коллаборациясының мүмкіндіктері талқыланды.

 

Erasmus+ бағдарламасы оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуына, кәсіби көкжиегін кеңейтуге және халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.

Тұран Университетінің оқытушысы Erasmus+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты

2024 жылдың 8 сәуірі мен 12 сәуірі аралығында «Тұран» университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының меңгерушісі, доцент Куламбаев Бахытжан Оразалиевич Еуропалық Одақтың Эразмус+ KA171 аясындағы Ржешов технологиялық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты.

 

Rzeszow University of Technology – 31 түрлі білім беру бағдарламасы бойынша 17 мың студент оқитын Польшадағы әйгілі мемлекеттік университеттердің бірі болып табылады.

 

Құламбаев Б.О. бакалавриат студенттеріне «Операциялық жүйелерге кіріспе», «Операциялық жүйенің құрылымы», «Процестер», «Жіптер», «Процесстерді синхрондау», «CPU жоспарлау» тақырыптарында сабақтар өткізді.

 

«Тұран» университеті мен Rzeszow University of Technology арасындағы ынтымақтастық ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашатын өте нәтижелі серіктестік деп бағаланды. Бірлескен ғылыми жобалардың, тәжірибе мен біліммен алмасудың және екі университеттің студенттері мен оқытушылары үшін бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың мүмкіндіктері талқыланды.

2024 жылдың 18-22 наурыз аралығында Тұран университетінің оқытушылары Еуропалық Одақтың Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында Калиш университетінде (Uniwersytet Kaliski im. Prezydenta Stanisława Wojciechowskiego) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты. University of Kalisz – 40 түрлі білім беру бағдарламасы бойынша 3200 студент оқитын Польшадағы әйгілі мемлекеттік университеттердің бірі болып табылады.

 

Тұран университетінің «Әлем және ұлттық экономика», «Менеджмент», «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедраларының өкілдері Калиш университетінің 1 және 2 курс студенттері мен магистранттарына ағылшын тілінде сабақ өткізді.

 

Таменова Салтанат Сәрсенбайқызы – Аймақтың инновациялық даму орталығының директоры, э.ғ.к., «Менеджмент» кафедрасының ғылыми-профессоры, «Кәсіпкерлік» пәнінен сабақ берді.

 

Абайдуллаева Мадина Маратжанқызы – PhD докторы, «Әлем және ұлттық экономика» кафедрасының доцент-зерттеуші «Халықаралық бизнес» пәнінен сабақ берді.

 

Ишмұхамедов Шарип Абдрахманович – саясаттану ғылымдарының кандидаты, «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті «Интеграциялық үдерістер және халықаралық қауіпсіздік» пәнін жүргізді.

 

Дәрістер мен практикалық сабақтар әзірлеу кезінде оқытушылар экономикалық және кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі аспектілеріне, сондай-ақ Польша мен Қазақстанның сыртқы саясатына салыстырмалы талдау жүргізуге назар аударды. Студенттермен бірге елдердің экономикалық дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар талданып, Польша мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал стратегиялары қарастырылды.

 

Калиш университетінде болған кезде оқытушылар қабылдаушы университет өкілдерімен ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін де талқылады. Мұндай іс-шаралар университеттер арасында тәжірибе алмасуға, оқытушылар мен студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, сондай-ақ білім саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

 

Erasmus+ KA171 бағдарламасына қатысу Тұран университетінің халықаралық ынтымақтастық және білім сапасын арттыру саласындағы даму стратегиясының бөлігі болып табылады. Бағдарламаның арқасында оқытушыларымыз кәсіби және тілдік дағдыларын жетілдірді, оқу материалдары мен әдістерін байытты, сонымен қатар университеттер арасындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға үлес қосты.

2021-2022 жж. күзгі семестрде Тұран университетінің 7 ПОҚ мен қызметкерлері Эразмус+ ЖБӘА, Эразмус+ ұтқырлық және т.б. бағдарламалары аясында шетелдік жоғары оқу орындарына барды.

 

2021 жылғы қыркүйек айында сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі Проректор Г.Ж. Таяуова Түркия университеттерінің ректорларымен бірқатар кездесулер өткізді. Нәтижесінде 10 меморандумға қол қойылып, жоғары білімнің түрлі бағыттарындағы тығыз ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

2021 жылғы 22-26 қыркүйек аралығында Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Г.Е. Құттыбаева Erasmus+ LMQS Asociatia PARTENER (Бухарест қ., Румыния) жобасын іске асыруды талқылауға қатысты. Кездесуге Франция, Греция, Румыния, Ресей және Қазақстан университеттерінің жоба әзірлеушілері қатысты. Сондай-ақ, кездесудің негізгі мәселесі Эразмус+ ППВО жаңа жобасын әзірлеу болды.

 

2021 жылғы 11-15 қазан аралығында Докторантура бөлімінің директоры Г.К. Ниеталина Эразмус+ (оқытушылық ұтқырлық) бағдарламасы аясында Calisia университетінде (Калиш қ., Польша) «Тиімді менеджмент және этикалық көшбасшылық» курсы бойынша бірқатар сабақтар өткізді.

2021 жылғы 13-17 желтоқсан аралығында «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Э.М. Ералина Эразмус+ бағдарламасы аясында (оқытушылық ұтқырлық) «Белгісіздік жағдайындағы менеджмент» тақырыбында студенттерге арналған лекциялар курсымен Болгарияның Варна Экономика университетіне барды.

 

2021 ж 27 қазан мен 9 қараша аралығында ЖБМ директоры А.Х. Нажмитдинов жаңа жобаны әзірлеу және тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстанның Ташкент қ. және Наманган қ. жоғары оқу орындарына барды.

 

2021 жылғы 1 қазан мен 2022 жылғы 30 шілде аралығында «Аймақтану және ХҚ» кафедрасының профессоры Фулбрайт бағдарламасы бойынша АҚШ, Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Online қабылдау