Халықаралық ынтымақтастық бөлімі «Тұран» университетінің құрылымдық бөлімшесі, оның қызметін сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректор үйлестіреді. Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің (ХЫБ) қызметі университеттің Стратегиясында белгіленген университеттің стратегиялық міндеттерін орындауға, сондай-ақ халықаралық білім беру кеңістігінде университеттің бірегей сәйкестігін құрудың кешенді міндетін шешуге бағытталған. ХЫБ-нің рөлі – университеттің халықаралық серіктестік байланыстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, интернационалдандыру процестерін дамыту арқылы университеттің ғылыми – зерттеу, білім беру, мәдени әлеуетін нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру.
Институционалдық деңгейде ХЫБ бастамашы, үйлестіруші, сондай-ақ интернационалдандыру процестерін орындаушы болып табылады. ХЫБ қызметі ҚР БҒМ нормативтік актілерімен, сондай-ақ институционалдық ережелермен және қағидалармен реттеледі.
Олардың негізгілері: