Ережелер мен қағидалар

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі «Тұран» университетінің құрылымдық бөлімшесі, оның қызметін сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректор үйлестіреді. Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің (ХЫБ) қызметі университеттің Стратегиясында белгіленген университеттің стратегиялық міндеттерін орындауға, сондай-ақ халықаралық білім беру кеңістігінде университеттің бірегей сәйкестігін құрудың кешенді міндетін шешуге бағытталған. ХЫБ-нің рөлі – университеттің халықаралық серіктестік байланыстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, интернационалдандыру процестерін дамыту арқылы университеттің ғылыми – зерттеу, білім беру, мәдени әлеуетін нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру.

 

Институционалдық деңгейде ХЫБ бастамашы, үйлестіруші, сондай-ақ интернационалдандыру процестерін орындаушы болып табылады. ХЫБ қызметі ҚР БҒМ нормативтік актілерімен, сондай-ақ институционалдық ережелермен және қағидалармен реттеледі.

 

Олардың негізгілері:

 

  1. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидалары – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.12.2007 № 661 бұйрығы. 
  2. ҚР БҒМ 19.01.2011 ж. ҚР жоғары оқу орындарында білім алушылардың академиялық ұтқырлық тұжырымдамасы
  3. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі –ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2011 ж. №152 бұйрығы (енгізілген өзгерістермен)
  4. Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидалары – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2008 ж. № 613 бұйрығы(енгізілген өзгерістермен).
  5. “Тұран” университетінде интернационалдандыруды дамыту тұжырымдамасы
  6. ПРО 713-16 – «Халықаралық ынтымақтастық» процедурасы
  7. ТҰ ПРО 712-16 – «Академиялық ұтқырлық» процедурасы
  8. Академиялық ұтқырлық жөніндегі конкурстық комиссия туралы ереже
Қабылдау комиссиясы