«Тұран» университеті мен Istanbul Rumeli Üniversitesi (Түркия) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою.

2021 жылғы 2 қыркүйекте “Тұран” университеті мен Түркияның Istanbul Rumeli Üniversitesi арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсімі университет ректоры, профессор Тамер Додурка (Tamer Dodurka), ректордың кеңесшісі Экрем Балтаджы (Ekrem Baltacı), халықаралық кеңсенің үйлестірушісі Армаган Орки (Armağan Örki), Тұран университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, доктор Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызының қатысуымен өтті.

Istanbul Rally Üniversitesi 2015 жылы 23 сәуірде Ыстамбұлда құрылған. Rumeli Üniversitesi 5 факультетте бағдарламаларды жүзеге асырады.

Жаңа серіктес университетпен білім беру саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастық пен бірлескен оқу іс-шараларына үміттенеміз!

Қабылдау комиссиясы