XIII Республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы атанған «Тұран» университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттерін Ректор І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық қатынастар» факультетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілген «Аймақтану» бағыты бойынша жыл сайынғы республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттері жеңімпаз атанды.

 

Бірінші орынды жеңіп алған «Аймақтану» командасының құрамында «Тұран» университеті «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Максудова Кристина (топ жетекшісі), Жансеркеева Асия, сонымен қатар «Аймақтану» мамандығының студенті Тюлюкина Мария болды. Ғылыми жетекшісі – «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының ассоц.профессоры Есеркемисова Б.А.

 

Екінші орынды иеленген «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Жұман Назым (топ жетекшісі), Нурадилова Назерке және Нұрлыбаева Арайлымнан құралды. Ғылыми жетекшілері – «Аймақтану және халықаралық қатынастар кафедрасының» ассоц.профессоры Каримова З.К., сениор-лектор Тайженбетова А.Б.

 

Студенттерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан «Тұран» университетінің Ректоры профессор Алшанов Р.А. І және ІІ дәрежелі дипломдармен арнайы марапаттады.

Online қабылдау