«Шексіз Қазақстан» туристік жобалар байқауы

«Шексіз Қазақстан» туристік жобалар байқауы

ҚР мектептерінің (10-12 сыныптар), колледждерінің оқушыларын “Шексіз Қазақстан” туристік жобалар конкурсына қатысуға шақырамыз.

 

Байқау 2 кезеңде өтеді:

 

1 кезең сырттай өтеді. Конкурсқа қатысушылар нысанға сәйкес өтінімдерді ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына ұсынуы тиіс.

 

Өтінімде 2 бөлімнен тұратын бейне бар:

 

  • команданың бейне тұсаукесері (команданың атауы, эмблемасы, ұраны, қатысушылардың тұсаукесері, команда тарихы), ұзақтығы – 2 минут.
  • “Қазақстанның туристік имиджі” тақырыбында команданың туристік және сервистік қызметін ашатын бейнеролик (ұзақтығы 3 мин).

Барлық өтінімдерді 2022 жылғы 28 қарашаға дейін “Туризм және сервис” кафедрасының сениор-лекторының электрондық поштасына электрондық мекенжайға жіберу қажет a.burkitbay@turan-edu.kz Бүркітбай Әсел Жайықбекқызы.

 

2 кезең “Тұран” университетінде өтеді. Оған тек 1 турдан өткендер қатысады. Шақырулар көрсетілген электрондық мекенжайлар бойынша жеке жіберіледі.

 

2-турда қатысушылар мыналарды ұсынуы тиіс: “Шексіз Қазақстан” тақырыбындағы презентация немесе маршруттың таңдалған учаскесі бойынша виртуалды экскурсия өткізу немесе сервистік жобаның тұсаукесері (регламент – 5 минут). Баяндамада аудио және бейнематериалдарды қолданған жөн.

 

Байқаудың мақсаты жастардың назарын елдің ішкі туристік нарығына және қонақжайлылық нарығына аудару болып табылады.

 

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері “Тұран”университетінде 1-ші оқу жылына ақы төлеу кезінде мектептер мен колледждердің түлектеріне жеңілдіктер беру арқылы көтермеленеді:

 

  1. 1 орын-15%;
  2. 2 орын-10%;
  3. 3 орын-5%.

Бейнелер мен презентацияларға конкурс туралы ережеде сипатталған бірқатар талаптар бар. Өткен жылдардағы жобалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Бұл байқау өзіне сенетін және табысқа жетуге ұмтылатын, туризм және қонақжайлылық саласындағы білімінің арқасында жеңілдікпен жоғары білім алғысы келетін талапкерге бағытталған.

Байқау бағдарламасы
Қабылдау комиссиясы