ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

“Тұран” университетінің 30 жылдығына арналған “Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі заңнама мен құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері” атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 11 қарашасында «Тұран» университетінде сағат 10.00 ҒЗИ заңы  «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасымен бірлесіп «Тұран» университетінің 30 жылдығына арналған «Республикадағы заңнаманың және құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбында IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланды.

 

Іс-шараның бағдарламасы туралы бірнеше сөз.

 

Конференцияға жетекші заңгер ғалымдары, университет оқытушылары қатысты.

 

Алғы сөзбен сөз сөйледі, Кулжабаева Жанат Орынбековна, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты директорының кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты, доценті және Разакова Дина Ибрагимовна, «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD докторы.

 

Сонымен қатар, баяндамамен сөз сөйлегендер, Дуйсенов Еркин Эрманович, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор «Конституционная реформа: проблемы и пути решения» тақырыбына, Жусупов Алпысбай Дюсембаевич, «КАЗГЮУ» АҚ университетінің профессоры (Астана қ.), заң ғылымдарының докторы, профессор «О роли государства в совершенствовании финансовой системы Республики Казахстан» тақырыбына, Мухамеджанов Эдуард Булатович, КазУМОиМЯ профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор «Размышления о поправках в Конституцию Республики Казахстан 2022 года» тақырыбына, Рустемова Гаухар Рустембековна, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор , «О модернизации уголовного законодательства Республики Казахстан о медицинских уголовных правонарушениях» тақырыбына.

 

Карагусов Фархад Сергеевич, Халықаралық салыстырмалы құқық академиясының (IACL) мүшесі, Каспий университетінің Жеке құқық институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Восприятие правовой концепции юридического лица публичного права в правовой системе Республики Казахстан является необходимым» тақырыбын, Ахпанов Арстан-Жарак Нокешулы, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері, Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі (Астана қ.), заң ғылымдарының докторы, профессор «Институциональные реформы судебной системы Казахстана» тақырыбын, Трофимов Альберт Алекссевич, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің әкімшілік және қаржылық құқық кафедрасының ассистенті (Санкт-Петербург, РФ), заң ғылымдарының кандидаты «Современные тенденции развития финансового законодательства России и КНР» тақырбын, Абулгазин Ерлан Серикович, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты, Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері (Астана), заң ғылымдарының кандидаты .«Проблемы и основные направления совершенствования административно-деликтного законодательства в сфере теплоэнергетики»  (апробация результатов фундаментального и прикладного научного исследования по теме: «Научное обеспечение законопроектной деятельности в Республике Казахстан») тақырыбын, Шаяхметова Жанна Бекполовна, , Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қылмыстық құқық пәндері кафедрасының профессоры (Атырау қ.), заң ғылымдарының кандидаты, доцент «Международно-правовое сотрудничество Прикаспийских государств» тақырыбын, Вартанян Авак Михайлович, Янки Купала атындағы ГрГУ заң факультеті деканының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент (Гродно, Беларусь) «Правовая регламентация порядка и оснований введения чрезвычайного положения в Республике Беларусь и Республике Казахстан» тақырыбын, Масликов Иван Степанович, Ростов Кәсіпкерді қорғау институтының азаматтық-құқық кафедрасының доценті (Ростов, РФ), заң ғылымдарының кандидаты «Инновационные методы правового образования в высшей школе» тақырыбын, Акимжанов Талгат Курманович, «Тұран» университетінің Заң ҒЗИ-ның директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, отставкадағы әділет полковнигі «О дальнейшем совершенствовании уголовного права – как эффективном инструменте предупреждения преступности» тақырыбын, Жанузакова Лейла Тельмановна, «Тұран» университетінің Заң ҒЗИ директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор «Некоторые вопросы реализации принципа разделения власти в Республике Казахстан» тақырыбын қорғаған.

 

Конференцияға қатысушылар сұрақтар қойып, тақырыптарды қызығушылықпен талқылады.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: