Ректордың көпшілік есебі

2023 жылдың 23 маусымда «Тұран» университетінің 2022-2023 оқу жылындағы қызметі мен 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарлары туралы ректордың жыл сайынғы көпшілік алдындағы есебін тыңдау өтті.

 

Университет Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері. «Тұран» университеті білім беру сапасын басқарудағы заманауи тәсілдерді жүзеге асыра отырып, білім беру қызметтері мен ғылыми қызмет нәтижелерін үзбей жақсарту арқылы өзінің дамуын жалғастыруда.

 

Ректордың көпшілік алдындағы есебі мүдделі тараптардың кең ауқымына арналады және университет жұмысының ашықтығын, сыртқы сапа кепілдігін қамтамасыз етеді және тұтынушыларға университет дамуының басым бағыттарын, білім беру қызметтерін туралы хабардар етді.

 

Есепті тыңдауға ПОҚ, білім алушылар, заң шығарушы және атқарушы билік органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Шақырылғандар қатарында:

 

Аханов С.А., «ОнлайнКазФинанс МҚҰ» АҚ (Solva) Директорлар кеңесінің мүшесі, «Тұран» университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

 

Мирзаханов А. С., ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы;

 

Каныбеков М.М., «Атамекен» Өңірлік КП құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры.

 

Тікелей эфир:   https://youtube.com/live/KRtfxgqZbuQ?feature=share

Online қабылдау