«Тұран» университетінің түлегі ресми түрде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды

Ермек Маржықпаев ҚР Туризм және спорт министрлігін басқарды. Е.Маржықпаев «Тұран» университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлегі.

 

Тағайындау туралы жарлық 2023 жылғы 2 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланған.

 

«Ермек Боранбайұлы Маржықпаев бұрын атқарған қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалсын», – делінген хабарламада.

 

  • Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласындағы №29 мектепте дене шынықтыру мұғалімі, бокстан жаттықтырушы болып бастады;
  • 1992-1993 жылдары – Ақмола облысы, Щучье ауданы, Бурабай ауылындағы №7 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі;
  • 1993-1994 жж. – «Шонай» МКҚК директоры;
  • 1994-2008 жылдары – «Береке-Бурабай» ЖШС директоры;
  • 2008-2012 жылдары – Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі;
  • 2012-2013 жылдары – Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі;
  • 2013-2014 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
  • 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2015-2019 жылдары – Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімі;
  • 2019 жылдың наурыз айында Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.

 

Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігі Мәдениет және спорт министрлігі қайта құрылғаннан кейін құрылған болатын.

 

Тұран университеті түлектерінің жетістігін мақтан етеді және Ермек Маржықпаевқа еңбек жолында табыс тілейді!

Online қабылдау