Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Тәуелсіз және әділ сот – Жаңа Қазақстанды бекіту шарты»

2024 жылғы 15 мамырда «Тұран» университетінде заң ғылымдарының кандидаты, профессор Баишев Жолымбет Нұрахметұлының 70 жылдығына арналған «Тәуелсіз және әділ сот – жаңа Қазақстанды бекіту шарты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына ҚР Конституциялық сотының судьясы А.К. Қыдырбаева, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ж.К. Асанов, Беларусь Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының бірінші орынбасары В.Л. Калинкович, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А.Е. Ластаев, ЕАЭО соты хатшылығының басшысы Н.Н. Кулеш, ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З.Х. Баймолдина және басқа да көптеген Қазақстанның және шетелдің белгілі заңгерлері қатысты.

 

Аталған конференцияның жұмысын «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Р. А. құттықтау сөзімен ашты.

 

Конференция модераторлары з.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Мәми Қ.Ә., «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, құқық ҒЗИ директоры з.ғ.д., профессор Акимжанов Т.К. болды.

 

Конференцияның барлық қатысушылары Ж.Н. Баишевтің Қазақстанның заң ғылымына, әсіресе сот жүйесін дамытуға және судьялардың тәуелсіздігін қалыптастыруға қосқан зор үлесін атап өтті. Конференция спикерлерінің баяндамалары қызу пікірталас пен ғылыми қызығушылық тудырды.

Қабылдау комиссиясы