«Тұран» университетінде Constructor University өкілімен кездесу: Стратегиялық әріптестікті талқылау

«Тұран» университетінде 2024 жылы 15 тамызда университет басшылығы мен Германиядағы Constructor университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Ирада Хагег ханыммен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында докторанттардың тағылымдамасы, қос дипломды бағдарламалар, академиялық ұтқырлық және басқа да мәселелер талқыланды. Тараптар стратегиялық әріптестікті нығайту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға ниет білдірді.

 

Германияның Бремен қаласында орналасқан Constructor университеті жаратылыстану ғылымдары, математика, инженерия, әлеуметтік ғылымдар және экономика сияқты салаларды қамтитын кең ауқымды пәнаралық оқу бағдарламаларын ұсынады.

Online қабылдау