Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) «Құқық» бағыты бойынша мамандар даярлайтын студенттері арасында «Құқықтану» пәнінен Республикалық пәндік олимпиада өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

2025 жылғы 3 мамырда «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ студенттері арасында «Құқықтану» пәнінен Республикалық пәндік олимпиада өткізеді.

 

Олимпиадаға «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ЖЖОКБҰ студенттері қатыса алады. Бір ЖЖОКБҰ-дан қатысатын студенттердің ең көп саны – 5 адам. Әрбір ЖЖОКБҰ бір оқытушыны жетекші ретінде жібере алады.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 16А, «Тұран» университеті.

 

Тіркеу уақыты: сағат 9:00-де.

 

Өткізу форматы: офлайн.

 

Барлық сұрақтар бойынша Олимпиаданың ұйымдастырушысы – қауымдастырылған профессор, PhD докторы Джумабаева Қарлығаш Асильхановнаға хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Байланыс телефондары: +7 701 451 61 16, +7 705 697 35 25.

Online қабылдау