Каленова Саулеш Абдразаховна
«ЖОО-ныңүздік оқытушысы – 2015» атағының иегері, профессор
Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі – бұл заманауи экономиканың ең перспективалық бағыттарының бірі. Аталған мамандық экономика мен маркетинг саласында, басқару теориясы мен ақпараттық технологияларды, шет тілдерін білуді, дизайн мен жарнама туралы білімді қажет етеді. Оқу бағдарламасы мейрамхана ісі және мейманхана бизнесінде тиімді нәтижелер көрсете алатын әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлауға негізделген. Аталмыш бағдарламада студенттер мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бойынша қызмет көрсетудің және басқарудың түрлі формаларын меңгереді. Сервис – күнделікті өмірде түрлі салада халыққа қызмет көрсету. Бұл түрлі дағдылар мен өзіңіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңізді толықтай аша алатын кең ауқымды сала түрі.
Шифр: 6В11102
Академиялық дәреже: қызмет көрсету саласындағы бакалавры
Оқу формасы: күндізгі, қысқартылған күндізгі нысан
Оқу мерзімі:
Каленова Саулеш Абдразаховна
«ЖОО-ныңүздік оқытушысы – 2015» атағының иегері, профессор
Кораблев Валерий Анатольевич
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы» атағының иегері, профессор, «Қазақстан Республикасы Туризмі саласының құрметті қызметкері», «Ресейдің еңбек сіңірген саяхатшысы», «2015 жылғы БАҚ-тардағы туристік ең үздік жарияланымдар» дипломы
Вуколов Владимир Николаевич
Туризмнің ҒЗИ директоры, профессор, «ЖОО-ның2006 жылғы, 2014 жылғы үздік оқытушысы» атағының иегері
Хохленко Евгения Анатольевна
«Premium Travel Company» ЖШС бас директоры
Зимин Максим Андреевич
«MasterPark» ЖШС бас директоры, Қазақстанның рафтинг Федерациясының президенті
Митин Антон Александрович
«Almaty/Astana City Tour» ЖШС директоры
Хохленко Виктор
«Premium Travel Company» ЖШС маркетинг бөлімінің круиздік сату супервайзері
Білім беру бағдарламасы міндетті өндірістік тәжірибеде мыналарды қамтиды. Оқыту үдерісінде іскерлік әкімшілік саласындағы қонақүй және мейрамхана бизнесінің жетекші кәсіпорындарында сіз өз күшіңізді байқап көру мүмкіндігіне ие боласыз.
Білім алушылардың Халықаралық ынтымақтастық аясында және академиялық ұтқырлық бағдарламалар бойынша серіктес жоғары оқу орындарында таңдау бойынша оқуға және тағылымдама мен практикадан өтуге мүмкіндігі бар:
Үміткерлер кәсіби білімдерін түрлі туризм және қызмет көрсету салаларында пайдалана алады:
Туризм менеджерлерінің мансаптық өсуі біліктілікті көтеруге байланысты (білікті арттыру мақсатында үздіксіз кәсіби білім алу жүйесінде).
Туризм менеджерлерінің мансаптық өсуі басқару мансабына байланысты, бұл дегеніміз, біліктілігіңізді арттыра отырып туристік компанияның басшысы болу.
Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің оқиғалары-бұл қызметкерлер мен студенттердің қоршаған ортаны және олардың дағдыларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін білуге бағытталған танымдық қызметі. Студенттер тауға өрмелеу альпиниадаларына, спорттық және ғылыми іс-шараларға қатыса алады. Бизнес-инкубатор базасында “trip with Turan” компаниясы жұмыс істейді, ол Алматы облысы бойынша және Түркістанға саяхаттарды ұйымдастырумен айналысады және компанияның барлық қызметкерлері жоғары мектептің студенттері мен оқытушылары болып табылады. Студенттер Қазақстан бойынша саяхаттайды халықаралық академиялық ұтқырлыққа қатысады және студенттік өмірін белсенді өткізеді.