Психология

Бакалавриат
Магистратура
Докторантура PhD

Адамдарға көмектескісі келетіндер үшін ең жақсы мамандық.

 

 

Өзіңді және басқаларды жақсы түсінгің келе ме? Эмпатия мен коммуникативтік дағдыларды дамытқың келе ме? Психология – бұл  тұлғаның өсуі мен табысты мансабының кілті. Әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын мамандықты таңда!

 

Психология жоғарғы мектебінің миссиясы – адамдарға кәсіби көмек көрсете алатын және өзекті әлеуметтік мәселелерді шеше алатын психологтарды дайындау. Біз, студенттер өз таланттарын дамытып, практикалық дағдыларды меңгеріп, сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік беретін орта қалыптастыруға ұмтыламыз. Біздің бағдарлама халықаралық стандарттарға сай келеді және қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап береді.

 

Психологтарды даярлаудың білім беру бағдарламасы терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды өзінде біріктіреді. Сіз тек диплом ғана емес, сонымен қатар осы саланың өзінде сәтті жұмыс істеу үшін қажетті барлық құралдарды аласыз.

 

Білім беру бағдарламасының шифрі: 6В03103 – «Психология».

 

  • Қандай тілдерде оқи аламын? Қазақ немесе орыс тілінде оқыңыз! Біз Сізге жақын тілде сапалы білім алу мүмкіндігін ұсынамыз.
  • Қанша уақыт оқуым керек? Біз сізге психология бакалавриаты бойынша 2, 3 және 4 жылдық бағдарламаларды ұсынамыз.
  • Университеттен кейін кім боламын және дипломымда не жазылады? «6В03103 – Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар бакалавры» академиялық дәрежесі – сізді кәсіби психолог әлеміне апаратын жолдама. Бұл диплом жұмыс берушілер арасында жоғары бағаланады және сіздің біліктілігіңізді растайды.

 

 

Психология бакалаврының дипломымен қайда жұмыс істей алады?:

 

Кәсіпкерлік және бизнес:

  • Коучинг және менторинг: Кәсіпкерлерге өз мақсаттарына жетуге, мотивациясын арттыруға, лидерлік қасиеттерін дамытуға көмектесу.
  • HR-консультация: Персоналды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, компаниядағы психологиялық жағымды атмосфераны қалыптастыру, қақтығыстарды шешу.
  • Маркетингтік зерттеулер: Тұтынушы мінез-құлқын зерттеу, тиімді маркетингтік стратегияларды әзірлеу.
  • Өнімдер мен қызметтерді әзірлеу: Жаңа өнімдерді жасау кезінде тұтынушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру.
  • Сату психологиясы: Сату дағдыларына үйрету, келіссөздердің тиімділігін арттыру.

 

Білім беру:

  • Мектеп психологтары: балалармен, жасөспірімдермен, ата-аналармен, педагогтармен жұмыс.
  • Жоғарғы оқу орындарының психологтары: кәсіби бағдар беру, студенттерге психологиялық көмек көрсету.

 

Әлеуметтік сала:

  • Әлеуметтік қызметкерлер: қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек.
  • Кризистік орталықтардың психологтары: дағдарысты бастан кешіріп жатқан адамдармен жұмыс істеу.

 

Спорт:

  • Спорт психологы: спортшылармен жұмыс істеу, спорт нәтижелерін арттыру.

 

Біліміңізді саланың шыныққан мамандарына сеніп тапсырыңыз. Біздің оқытушыларымыз – тек теориямен ғана шектелмейтін, әртүрлі салаларда көп жылдық тәжірибесі бар практикалық психологтар. Әрбір оқытушымыз – өз саласының маманы және өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Біздегі оқу – бұл тек лекциялар ғана емес, сонымен қатар практикалық сабақтармен, кейс-стадилермен, рөлдік ойындармен көмкерілген.

 

 

 

 

Болыңыз халықаралық психологиялық оқиғалардың орталығында. Жоғарғы психология мектебі – бұл тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар ғылыми ойдың орталығы. Үнемі өткізілетін халықаралық деңгейдегі конференциялар, семинарлар және шеберлік сабақтары сізге қазіргі заманғы психологияның өзекті мәселелеріне терең үңілуге және ұйымдастырушылар командасының бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Біз тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды да ұсынамыз. Халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу арқылы сіз ерекше тәжірибе жинақтап, өз білімдеріңізді іс жүзінде қолдана аласыз.

 

Жетекші компанияларда тәжірибеден өтіп, дәрістер мен семинарларда алған білімдеріңізді қолданыңыз, кәсіби портфолио құрып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіңізді арттырыңыз! Біз серіктес компаниялар: Қазақстандық EMDR Ассоциациясы, Кәсіби Орта Азиялық гештальт қауымдастығы (ОАГҚ), Халықаралық Практикалық Психология және Педагогика Академиясы, Транзакттық талдауды дамыту ұйымы, «Intensive+» баланы дамыту орталығы, Алматы Транзакттық талдау Ассоциациясы.

 

Болашағыңызға инвестиция сала отырып, армандаған мамандығыңызға қол жеткізіңіз!

Серіктестеріміз:

Адамдарға көмектескісі келетіндерге арналған ең керемет мамандық.

 

 

Қоғам дамуына үлес қосуға дайынсыз ба? Онда Психология жоғары мектебінің магистратурасы – сіз үшін тамаша мүмкіндік. Бізге қосылып, адам өмірін өзгерте алатын қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз!

 

Психология жоғарғы мектебінің мақсаты – ғылымға негізделген зерттеулер жүргізіп, жаңаша психологиялық көмек беру әдістерін әзірлеп, қиын жағдайдағы адамдарға кәсіби психологиялық көмек көрсете алатын жоғары білікті мамандар даярлау. Біз әрбір магистрант өз потенциалын жүзеге асырып, халықаралық жобаларға қатысып, отандық психологияның дамуына өз үлесін қоса алатындай орта құруға ұмтыламыз. Біздің бағдарламамыз халықаралық стандарттардың ең жоғарғы деңгейіне сай келеді және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге білікті мамандар даярлауға бағытталған.

 

 

Біздің бағдарламаны таңдаудың артықшылықтары:

 

+ Тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен арнайы жағдайда өз біліміңізді жетілдіру мүмкіндігі;

+ Магистрлік диссертация бойынша жұмыстың барлық кезеңінде жеке қолдау;

+ Ғылыми қызметке дайындық және зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі;

+ Жоғары оқу орнының ғылыми өміріне белсенді қатысу, өз зерттеулеріңіздің нәтижелерін жариялау мүмкіндігі.

 

 

Білім беру бағдарламасының шифрі: 7M03102 – «Психология» (ғылыми-педагогикалық бағыт); 7M03104 – «Психология» (профильді бағыт).

 

  • Қандай тілдерде оқи аламын? Қазақша, орысша немесе ағылшынша оқыңыз! Сізге қолайлы тілде сапалы білім алыңыз!
  • Неше жыл оқуым керек? Біз сізге ұзақтықтағы әр түрлі магистратура бағдарламаларын ұсынамыз: практикалық дағдыларды тереңдету үшін 1 жыл (профильді бағыт) және ғылыми қызметті практикамен үйлестіргісі келетіндер үшін 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт).
  • Университет бітіргеннен кейін мен кім боламын және дипломымда қандай мамандық жазылады? Магистрлік диссертацияны сәтті қорғаған жағдайда, екі жылдық оқудан кейін «7М03102 – «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесі беріледі және бір жылдық профильді бағытты оқығаннан кейін «7М03104 – «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

 

 

Магистр дәрежесі сізге келесі салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді:

 

+ Білім беру: мектептер, университеттер, балабақшалар, қосымша білім беру орталықтары;

+ Бизнес: персонал іріктеу, кеңес беру және оқытумен айналысатын компаниялар;

+ Әлеуметтік сала: мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдар;

+ Ғылыми қызмет: ғылыми-зерттеу институттары, университеттер;

+ Жеке тәжірибе: көптеген психологтар өздерінің жеке кабинетін ашып, жеке және топтық кеңес беру қызметін көрсетеді.

 

 

Жоғарғы оқу орнының жанында психоэмоциялық жағдайларды зерттеу және түзету бойынша заманауи зертхана жұмыс істейді. Аталған зертханада орналасқан «ПБС БОС» бағдарламалық-тренажерлық кешені мыналарға мүмкіндік береді:

 

  • Ми қызметін зерттеу: Мидың электрлік белсенділігін (ЭЭГ) нақты уақыт режимінде талдау.
  • Физиологиялық параметрлерді бағалау: Бұлшық еттердің электрлік белсенділігін (ЭМГ), тыныс алу жиілігі мен жүрек соғысын бақылау.
  • Жеке түзету бағдарламаларын әзірлеу: Эмоциялық жағдайды және танымдық функцияларды жақсарту үшін жекеленген жаттығулар жасау.

 

 

Жетекші компанияларда тәжірибеден өтіп, дәрістер мен семинарларда алған білімдеріңізді қолданыңыз, кәсіби портфолио құрып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіңізді арттырыңыз! Біз мынадай компаниялармен серіктеспіз: Қазақстандық EMDR Ассоциациясы, Кәсіби Орта Азиялық гештальт қауымдастығы (ОАГҚ), Халықаралық Практикалық Психология және Педагогика Академиясы, Транзакттық талдауды дамыту ұйымы, «Intensive+» баланы дамыту орталығы, Алматы Транзакттық талдау Ассоциациясы.

 

Болашағыңызға инвестиция сала отырып, армандаған мамандығыңызға қол жеткізіңіз!

Серіктестеріміз:

Адамдарға көмектескісі келетіндер үшін ең жақсы мамандық.

 

Ғылым әлемінің есігін ашыңыз!

 

Психология жоғарғы мектебінің миссиясы – терең ғылыми зерттеулер жүргізіп қана қоймай, алынған білімдерді психология саласындағы нақты мәселелерді шешу үшін қолдана алатын ғалым-практиктерді, тиімді психологиялық көмек көрсете алатын, психологиялық сүйемелдеу және кеңес берудің инновациялық бағдарламаларын әзірлеп, енгізе алатын психологиялық практика саласындағы көшбасшыларды дайындау. Жетекші ғалымдардың басшылығымен сіз өз әлеуетіңізді жүзеге асырып, психология ғылымының дамуына өз үлесіңізді қосуға көмектесетін терең теориялық білімдер мен практикалық дағдыларға ие боласыз.

 

 

Білім беру бағдарламасының шифрі: 8D03101 – «Психология».

 

  • Қандай тілдерде оқи аламын? Қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде оқыңыз! Біз Сізге ыңғайлы тілде сапалы білім алу мүмкіндігін ұсынамыз.
  • Қанша уақыт оқуым керек? Біз 3 жылдық психология бойынша докторантура бағдарламаларын ұсынамыз.
  • Диссертация қорғаудан кейін кім боламын және дипломымда не жазылады? «8D03101 – Психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)» академиялық дәрежесі – сізді кәсіби психолог әлеміне апаратын жолдама. Бұл диплом жұмыс берушілер арасында жоғары бағаланады және сіздің біліктілігіңізді растайды.
Неге дәл біздің бағдарламаны таңдау керек?

+ Диссертациялық кеңестің болуы: университеттегі диссертациялық кеңестің болуы ғылыми кадрларды дайындаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді, диссертацияны қорғау және ең қысқа мерзімде PhD дәрежесін алу мүмкіндігін береді;

 

+ Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту: жетекші шетел университеттерінде зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми байланыстарды кеңейту, психология саласындағы халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді үйрену мүмкіндігі;

 

+ Университеттік ғылыми іс-шараларға қатысу: конференцияларға, семинарларға және шеберлік сабақтарына үнемі қатысу, әртүрлі елдердің жетекші мамандарымен қарым-қатынас орнату;

 

+ Ғылымға терең бойлау: жеке зерттеулер жүргізу, жаңа теориялар әзірлеу және психология ғылымының дамуына үлес қосу;

 

+ Зерттеу дағдыларын дамыту: ақпарат жинау және талдау әдістерін меңгеру, зерттеу нәтижелерін тиімді ұсыну;

 

+ Шығармашылыққа мүмкіндік: бірегей идеяларды әзірлеу және стандартты емес шешімдер іздеу;

 

+ Қоғамға үлес қосу: психикалық денсаулық, білім беру, адамдар арасындағы қарым-қатынас сияқты өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу;

 

+ Жеке тұлғаның дамуы: өзіңізді және басқа адамдарды түсіну, коммуникативтік дағдыларды дамыту және өзіне деген сенімділікті арттыру;

 

+ Кәсіби өсу: PhD дәрежесін алу, кең ауқымды кәсіби мүмкіндіктер, тәжірибелі отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілермен бірлесе жұмыс істеу.

 

 

Философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесі сіз үшін кең ауқымды кәсіби мүмкіндіктер ашады:

 

+ Университеттер: бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларында психология пәнін оқыту, ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми жетекшілік жасау;

 

+ Ғылыми-зерттеу институттары: психология саласындағы фундаменталды және қолданбалы зерттеулермен айналысу, халықаралық жобаларға қатысу;

 

+ Жеке тәжірибе: жеке тұлғалар мен ұйымдарға психологиялық кеңес беру;

 

+ Корпоративті сектор: персоналды дамыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, тренингтер мен коучинг сессияларын өткізу;

 

+ Қайырымдылық қорлары: психологиялық көмек бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік әлсіз топтармен жұмыс істеу;

 

+ Халықаралық ұйымдар: психология, гуманитарлық көмек және даму саласындағы халықаралық жобаларға қатысу.

 

 

Халықаралық психология аясында орын алған оқиғалардың ортасында болыңыз. Жоғарғы психология мектебі – бұл тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар ғылыми ой орталығы. Үнемі өткізілетін халықаралық деңгейдегі конференциялар, семинарлар және шеберлік сабақтары сізге қазіргі заманғы психологияның өзекті мәселелеріне терең үңілуге және ұйымдастырушылар командасының бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Біз тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды да ұсынамыз. Халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу арқылы сіз ерекше тәжірибе жинақтап, өз білімдеріңізді іс жүзінде қолдана аласыз.

 

Біздің серіктес компаниялар: Қазақстандық EMDR Ассоциациясы, Кәсіби Орта Азиялық гештальт қауымдастығы (КОАГҚ), Халықаралық Практикалық Психология және Педагогика Академиясы, Транзакттік талдауды дамыту ұйымы, «Intensive+» баланы дамыту орталығы, Алматы Транзакттік талдау Ассоциациясы.

 

 

Білім – ең үлкен байлық, ал сіздің дәрежеңіз – оның дәлелі!

Біздің серіктестеріміз
Online қабылдау