Пиар-менеджер-бұл жаңа мыңжылдықтың кәсібі, ол жылдам мансаптық өсу үшін үлкен мүмкіндіктер ашады және қазіргі әлемде өте сұранысқа ие.
“Пиар-бұл мамандық емес, өмір салты”. Бұл шынымен де! Өйткені, өзін осы қызметке арнаған адам креативті, ерекше шығармашылық ойлауға ие болуы, командада жұмыс істей білуі, ұжымды ұйымдастыра білуі, шыдамды және табанды болуы тиіс.
Шифр: 6В03202
Қабылдау күндізгі оқыту бөлімге жүргізіледі. Бағдарламаға қабылдау мемлекеттік, ішкі гранттарға және ақылы орындарға жүзеге асырылады..
Оқу мерзімі
Екі шығармашылық емтиханы
Білім беру бағдарламасының (ББ) бірегейлігі мынада:
ББ мультитілді, цифрлық және мультимәдениетті құзыреттерге ие, стратегиялық және антикризистік басқару дағдыларымен қаруланған PR-мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл түлектер Қазақстанның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жаһандық коммуникациялық трендтер жағдайында кәсіби қызмет атқара алады.
Практикаға бағдарлану мынадай тетіктер арқылы жүзеге асырылады:
Оқыту үдерісін жүзеге асыратын профессорлық-оқытушылық құрамның айрықша ерекшелігі – медиа және коммуникация саласында мол тәжірибесі бар практик-мамандардың елеулі үлесі. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибесі бар сала мамандары да шақырылып, студенттерге қонақ дәрістер оқиды.
Сонымен қатар ББ-ның бірегейлігі гуманитарлық және бизнес-құзыреттердің синергиясында, жаңа медиа технологияларына негізделген цифрлық құзыреттерге екпін жасауда, білімнің нақты секторға практикалық қолданбалы бағыттылығында, ұлттық құндылықтар мен контекстке бағдарлануда, сондай-ақ көшбасшылық және антикризистік құзыреттерді дамытуға бағытталуында көрінеді.
Біздің Инстаграм:
Біздің Фейсбук: