2022 жылдың 25 сәуірінде «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы, Қазақстанның және «Тұран» университетінің 30 жылдығы мерекесі аясында «Қазақстанның перспективасы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауы, Қазақстанның таяу келешектегі болашағы мен тұрақтылығы, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелері талқыланды.
Сарапшылар ретінде: с.ғ.к., Бекбутаев Б.А., с.ғ.к., Исаев А., с.ғ.к., Матишев Р., Phd докторанты Касенов Ф. қатысты. Олардың пікірінше, Қазақстан саясаттың, экономиканың және әлеуметтік қатынастардың әртүрлі салаларында үлкен өзгерістердің алдында тұр.
Кафедра меңгерушісі Төлен Ж.М., Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелерін талқылау үшін студенттердің, оқытушылардың сарапшылармен кездесулері қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында, университет студенттері мен оқытушылары, Республика дамуының өзекті мәселелерін зерделеуге арналған «дөңгелек үстел» форматын жалғастыруды қолдады.