«Психология» кафедрасы Психологиялық сауаттылық және мәдениет клубының кездесулерін өткізеді!

Кездесулер стресстік жағдайларға төзімділікті арттыруға бағытталған және жеке психогигиена, психикалық және/немесе психологиялық мәдениет және т.б. тақырыптарды қозғайды.

 

Біздің кездесулеріміз өте достық, сенімді және тыныш жағдайда өтуде, – деп клубқа қатысушылар өз әсерлерімен бөліседі, – әркім өзін клубта маңызды әрі қажет сезінеді. Біз уақытты пайдалы өткіземіз, бірақ сонымен қатар моральдық тұрғыда демаламыз. Әр тренингтің өз атмосферасы бар.

 

Клубтың кураторы – Асимов Марат Әбубәкриұлы, Джулиет Драппер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығының негізін қалаушы және басшысы, медицина ғылымдарының докторы, психотерапевт және «Психология» кафедрасының профессоры.

 

Қатысуға шақырамыз!

 

Кездесу уақыты: әр бейсенбі, 18.00

Өткізілетін орны: № 308 аудитория.

 

Қатысу тегін!

Online қабылдау