2024 жылдың 16 ақпаны күні сағат 11.00-де Тұран университеті «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы мектеп оқушыларының арасында азаматтық, құқықтық сана-сезімді дамыту, қалыптастыру, сондай-ақ ел болашағы үшін жауапкершілікке тәрбиелеу аясында «Қазақстанда және қазіргі әлемде адам құқықтарын қорғау және қаматамасыз ету» тақырыбында жобалар байқауын ұйымдастырды.
Байқау «Тұран» мектеп-лицейінің, «Магистр» жеке мектебінің, Ш.Смағұлов атындағы физика-математика лицей-интернатының және №209 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен қызықты, тартысты өтті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген оқушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.