Мектеп оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында дебат

2024 жылдың 18 ақпанында «Тұран» университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында «КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ» тақырыбында дебат өткізілді.

 

Дебаттың мақсаты:

  • БҰҰ құрған тұрақты даму мақсаттарының бірі болған сапалы білімге қолжеткізу;
  • оқушылардың ғылыми ізденісін арттыру арқылы болашақта білікті мамандарды дайындау;
  • қатысушылардың құқықтық білім деңгейін көтеру;
  • қатысушылардың ғылыми белсенділігін арттыру;
  • кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
  • кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықтық сана, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, ақпарат алмасу.

 

Дебат қатысушылары:

  • «KursAnt» мектебі
  • В.Г. Белинский атындағы орта мектеп
  • Шамалған ауданы орта мектебі
  • Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп
  • № 178 мамандандырылған мектеп-лицей» оқушылары.
Online қабылдау