19.02.2024 жылы ІІМ Академиясында «Әубәкіров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференцияда «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Г.Т. Алаева «Лицензияланған сот сараптама қызметінің тәуекелдері» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ Г.Т.Алаеваның ғылыми жетекшілігімен «Құқықтану» мамандығының 1 курс докторанттары Ғ.М. Қалмырза «Тауар таңбаларына тағайындалатын сот сараптамасы», С.Б. Бақыт «Қылмыстық процесте сарапшы қорытындысын пайдаланудың құқықтық негіздері» деген тақырыптарда баяндама жасады.