«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің медициналық туризмінің перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық форумы

2024 жылы 13 наурызда «Тұран» университетінде Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикалары ұсынған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің медициналық туризмнің перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті.

 

Форумның ұйымдастырушылары: «Тұран» университеті, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының медициналық туризм қауымдастығы, Қазақстандық Туристік Қауымдастығы, Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы, Қазақстандық маркетинг қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы, Санкт-Петербург медициналық туризм агенттігі, Волгоград облысының Денсаулық сақтау комитеті.

 

Форумда нарық стейкхолдерлерінің, білім мен ғылымның өзара іс-қимылы, ғалымдардың, зерттеушілердің, оқытушылардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, бизнес өкілдерінің пікірлерін шоғырландыруда тиімді шешімдер мен жаңа құралдарды іздеу мәселелері талқыланды.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық форум бағдарламасы аясында:

 

  • Алшанов Рахман Алшанұлы, «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, III дәрежелі «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, ЖОО қауымдастығының президенті, Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, ҚР Экономикалық ғылымдар академиясының президенті, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің алқа мүшесі;
  • Каленова Сәулеш Әбдіразаққызы, э.ғ.д., «Тұран» университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры, Қазақстан экономика ғылымдары Академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының толық мүшесі (академигі), Алматы қаласы медициналық туризм қауымдастығының вице-президенті, жаһандық медициналық туризм қауымдастығының (GHTC) құрметті мүшесі;
  • Ещанова Ақмарал Нұрашқызы, Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары;
  • Тронева Виктория Евгеньевна, Волгоград облысы Денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары, «Медициналық қызметтер экспортын дамыту (Волгоград облысы)» өңірлік жобасының Әкімшісі;
  • Мозокина София Леонардовна, Санкт-Петербург үкіметі жанындағы «Санкт-Петербург медициналық туризм агенттігі» АҚ Стратегиялық даму жөніндегі директоры, э.ғ.к., Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің «Қызмет көрсету саласындағы экономика және басқару» кафедрасының доценті;
  • Шайдулина Маргарита, «Белоостров» жоғары технологиялар клиникасының сату арналарын дамыту жөніндегі менеджері. «Ресей – мүмкіндіктер елі «платформасының» қонақжайлылық шеберлері» байқауының жеңімпазы;
  • Золотухина Елена Николаевна, В.А. Алмазов атындағы ақылы медициналық көмек, сервис және медициналық қызметтер экспорты бөлімінің басшысы;
  • Щекин Геннадий Юрьевич, «Волгоград мемлекеттік медицина университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы;
  • Иманғалиева Лайла Тұрсынбекқызы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы;
  • Шайкенова Рашида Рашидовна, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ директоры, «Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы» ЗТБ президенті;
  • Нұғманов Шыңғыс Асқарұлы, репродуктивті медицина институтының бас маманы;
  • Амержан Замира Амержановна, «Doctor Stom» ортодонтиялық және имплантологиялық орталығының директоры;
  • Гончаров Андрей Евгеньевич, «Беларусь ҰҒА биофизика және жасушалық инженерия институты» ҒЗУ директоры, м.ғ.к., доцент;
  • Кушнирук Наталья Эдуардовна, м.ғ.к., МВА, «№1 Волгоград облыстық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік бюджеттік Денсаулық сақтау мекемесінің бас дәрігері;
  • Тұрсынбаев Мұхаметалим Сатқанқұлұлы, Қырғызстандағы медициналық туризм қауымдастығының вице-президенті, Қырғызстанның жеке клиникалары мен медициналық мекемелері қауымдастығының тең құрылтайшысы, төрағасының орынбасары;
  • Гулиев Руслан, Әзірбайжан Республикасының медициналық және термиялық туризмді қолдау қауымдастығының президенті;
  • Свидров Максим Александрович, Волгоград облысының Сауда-Өнеркәсіп палатасының вице-президенті;
  • Ахмедов Ахмад Асқарұлы, Өзбекстан Республикасы медициналық туризм қауымдастығы төрағасының орынбасары;
  • Асророва Зулфия Иномовна, э.ғ.к., РТСУ жанындағы туризм жөніндегі ресурстық орталықтың директоры, РТСУ туризм және сервис кафедрасының доценті;
  • Мусаев Мухамедали Ахметжанович, «Global Tourism Service» ЖК директоры, «Тұран» университетінің докторанты;
  • Кручинин Дмитрий Анатольевич, «Azimut Travel» компаниясының ішкі туризм бөлімінің басшысы;
  • Мусаева Индира Ахметжановна, «Kaztour» компаниясы филиалының директоры;
  • Ерубаева Гульжан Кикбаевна, б.ғ.к., «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры, «Тұран» университетінің гуманитарлық-заң факультетінің деканы;
  • Нуржаубаева Раиса Данебаевна, Алматы қаласы медициналық туризм қауымдастығының президенті, жаһандық медициналық туризм қауымдастығының құрметті мүшесі, PhD докторы.

 

Форум аясында қазақстандық медициналық ұйымдарға «Doctor Stom» ортодонтиялық және имплантология орталығына, Репродуктивті медицина институтына ақпараттық турлар өткізілді.

 

Сілтемелер:

youtube.com/watch?v=305eqhv1xNM

youtube.com/live/cTFtZ_GqMVU?feature=share

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің медициналық туризмінің перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық форумы
Online қабылдау