2024 жылдың 1 сәуірі мен 1 мамыры аралығында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттары Нүсіпжанов Нұрлыбек Сұлтан, Жақсылықбаева Әсем, Рахметова Тұрсынкүл, «Экономика» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Абдраманова Ұлжан және «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Тұрсынқұлова Замзагүл Гданьск университетінде (Гданьск қ., Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Гданьск университеті – Uniwersytet Gdański 1970 жылы 20 наурызда құрылған, педагогикалық құрамы 1664 ғылыми қызметкерден тұрады. Гданьск мемлекеттік университеті – Солтүстік Польшадағы ең ірі жоғары оқу орны.
Гданьск университеті физика, биотехнология, психология, педагогика, бизнес, құқық және әкімшілендіру сияқты бағыттары бойынша Польшадағы үздік 10 университеттің қатарына кіреді. Сонымен қатар QS World University Rankings құрамына кіреді, 801-1000 позициясын иеленеді.
Тағылымдамаға жалпы жетекшілікті PhD, Dr hab Prof. Edvardas Juchnevicius, сонымен қатар университеттің халықаралық бағдарламаларының үйлестірушісі, жүзеге асырды.
Ғылыми тағылымдама барысында докторанттар университеттің материалдық базасымен, кітапханасымен және кафедралардың оқу орталықтарымен танысып, университеттің ғылыми іс-шараларына қатысты. Ғылыми кеңесшілердің жетекшілігімен докторанттар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, гипотезалар мен ғылыми тәсілдерді талқылады. Сондай-ақ, халықаралық рейтингтік басылымдарда мақаланы жариялауға дайындау бойынша жұмыс жүргізілді. Тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша докторанттар сертификаттар алды.