«Тұран» университеті командасының «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» олимпиадасында алған үшінші орны

2024 жылғы 16-17 мамырда Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында В093 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» бағыты бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті.

 

«Тұран»  университеті  екінші курс студенттері, Харсанов Лючир Маликович (команда капитаны); Путинцева Вероника Эдуардовна; Әлиева Аружан Мұстафақызы; Әлімжанова Мунира Талғатқызынан  құралған «Turan Legacy» командасын  ұсынды.

 

Жалпы командалық есепте Turan Legacy командасы III жүлделі орынға ие болды. Жеке есепте Харсанов Лючир Маликович те III орынға ие болды және ҚР ҒЖБМ  грамотасымен марапатталады.

 

Команданың ғылыми жетекшілер «Туризм және сервис» кафедрасының сениор-лекторлары Б. М. Демеуова мен А. К. Оспанова.

 

«Туризм және сервис» кафедрасының ұжымы қатысушыларды жеңісі мен құттықтайды және кәсіби биіктерді одан әрі бағындыруды тілейді!

Online қабылдау