Болашақ маркетологтарға арналған қонақ дәріс

2025 жылғы 11 ақпанда «Туран» университетінде «Маркетинг» білім беру бағдарламасының студенттері үшін қонақ дәріс өтті. Спикер ретінде Виолета Пархоменко, МВА, маркетинг-аналитик, бизнес-тренер және маркетинг пен жарнама жөніндегі кеңесші сөз сөйледі. «Компаниядағы жас маркетолог үшін табысты бастама» тақырыбындағы дәріс барысында келесі маңызды сұрақтар талқыланды:

 

  • Егер сіз компаниядағы жалғыз маркетолог болсаңыз, жұмысты қалай тиімді ұйымдастыруға болады?
  • Қайдан бастау керек және қандай мақсаттар қою қажет?
  • Маркетингтік стратегияны қалай жоспарлау және жүзеге асыру керек?
  • Маркетинг бюджеті қалай есептеледі?
  • Маркетингтік коммуникациялардың мақсаттары мен арналарын қалай дұрыс анықтауға болады?

 

Студенттер дәріске белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасып, болашақ кәсіби дамуларына қатысты маңызды ақпарат алды.

 

“Туран” университеті Виолета Равильевна Пархоменкоға мазмұнды дәрісі мен тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреді. Алдағы уақытта да ынтымақтастығымыз жалғасады деп сенеміз және студенттер маркетингтің заманауи трендтері мен тәжірибелік қырларын жетекші сала мамандарынан үйрену мүмкіндігіне ие болады. Университет жаңалықтарын қадағалаңыз және білім беру іс-шараларынан қапы қалмаңыз!

Online қабылдау