Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың «InnoTech Connect: Идеялар мен технологияларды біріктіру» II халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«Тұран» университеті мен ақпараттық технологиялар жоғары мектебі барлық ниет білдірушілерді 2025 жылғы 27-28 наурызда өтетін «Innotech Connect: идеялар мен технологияларды біріктіреміз» атты студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

 

Конференцияның мақсаты – білім алушыларды инновациялар саласында білім мен тәжірибе алмасу үшін біріктіру, сондай-ақ шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал ету. Біз озық идеяларды жүзеге асыру мақсатында қатысушылар мен инновациялық компаниялар арасында байланыс орнату үшін жемісті платформа құруға тырысамыз.

 

Конференцияда Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының оқытушылары мен ғалымдары, бизнес-қоғамдастық және IT-сала өкілдері сөз сөйлейді. Сондай-ақ Қазақстанның, Ресейдің, Италияның, АҚШ-тың, Оңтүстік Кореяның, Гонконгтың және т. б. түрлі жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары өздерінің ғылыми идеялары мен инновацияларымен бөліседі.

 

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

 

  1. Ақпараттық технологиядағы инновациялар: бағдарламалық жасақтама, жасанды интеллект, бұлтты технологиялар және киберқауіпсіздіктің соңғы тенденцияларын талқылау.
  2. Инженерия мен ғылымдағы технологиялық трендтер: электроника, робототехника саласындағы соңғы әзірлемелерді ұсыну.
  3. Бизнеске арналған инновациялық шешімдер: қаржы, маркетинг, логистиканы қоса алғанда, әртүрлі салаларға технологиялық инновацияларды енгізудің сәтті жағдайларын талдау.
  4. Жасанды интеллекттің идеялары, шешімдері мен мүмкіндіктері: қаржы және есеп, маркетинг, логистика, құқықтану, психология, білім беру, тілдерді зерттеу сияқты әртүрлі салалардағы соңғы AI технологияларын ұсыну.

 

 

Конференция аясында колледждер мен ЖОО білім алушыларының жобалар конкурсы өткізіледі.

 

Конференция мен конкурсқа қатысушыларға офлайн баяндама жасаған сертификаттар беріледі. Конференцияның үздік баяндамалары мен конкурс жобалары I, II және III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

 

Конференцияға қатысу: тегін.

 

Конкурс пен конференцияға қатысуға ниет білдірушілерді 2025 жылғы 16 наурызға дейін тіркеуден өтіп, жұмысты төмендегі сілтеме бойынша жүктеуді сұраймыз.

Online қабылдау