Алматы қаласындағы колледж оқушылары арасында «Маркетинг» мамандығы бойынша олимпиада

2025 жылдың 6 ақпанында «Тұран» университетінде «Маркетинг және логистика» Жоғары мектебі ұйымдастырған «Маркетинг» мамандығы бойынша олимпиаданың екінші туры өтті. Олимпиада «Маркетинг» мамандығын насихаттауға,  дарынды жастарды анықтауға және «Тұран» Университетіне түсу үшін Алматы колледждерінің білім алушыларын «Маркетинг» білім беру бағдарламасына тартуға бағытталған.

 

 

Олимпиада екі кезеңнен тұрды:

 

  • I тур – Google Forms сервисінің көмегімен онлайн тестілеу. Оған Алматы колледждерінің 62 студенті қатысты, ал екінші турға 23 қатысушы қатысып, 75-тен 100-ге дейін балл жинады;
  • II тур – «Маркетингтегі заманауи трендтер» тақырыбындағы презентацияларды қорғау. Соңғы кезең «Тұран» университетінде өтті, онда студенттер өз зерттеулерінің нәтижелері мен аналитикалық материалдарды ұсынды.

 

 

Олимпиадаға «Тұран» колледжінің, Алматы Мемлекеттік бизнес-колледжінің және «Нархоз» колледжінің білім алушылары қатысты. Байқауға қатысушылар жоғары білім деңгейін, креативті, шығармашылық тәсілді және заманауи маркетингтік үрдістерді түсінуді көрсетті.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша гран-приді Нархоз колледжінің студенті жеңіп алды, ол «Тикетон» ЖШС-не кез келген билеттерді сатып алу үшін 50000 теңге сомасына сертификат алды.

 

Жүлделі орындарға ие болған (I, II, III) Олимпиада жеңімпаздарына да бағалы сыйлықтар табысталды. Демеушілер «Тикетон» ЖШС, «TechBridge Distribution CA» ЖШС, «Study Room» білім беру орталығы, сондай-ақ «Тұран» университетінің экономика факультетінің деканы Л.М Байтенова болды.

 

Олимпиада жоғары деңгейде өтті, қатысушылар риза болып, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Олимпиаданың барлық қатысушыларын құттықтаймыз және маркетинг мамандығы мен маркетолог мамандығына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз! Талапкерлердің маркетингтік қызмет саласында үлкен перспективалары бар екеніне сенімдіміз.

Online қабылдау