2025 жылдың 3 сәуірінде гуманитарлық-құқық факультетінде 1-курс студенттеріне арналған қызықты әрі танымдық «Конституциялық ринг» атты студенттік викторина өтті. Шара келесі білім беру бағдарламаларының студенттері үшін ұйымдастырылды: 6B04201 – «Құқықтану», 6B04202 – «Халықаралық құқық», 6B04204 – «Бизнеске құқықтық қолдау (корпоративтік заңгер)». Викторина барысында студенттік топтар конституциялық құқық саласындағы жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті. Әрбір команда жақсы дайындықпен келіп, ситуациялық тапсырмаларды шешу, жылдамдыққа қойылған сұрақтар және құқықтық талдау элементтері бар сұрақтарды сәтті орындап шықты. Интерактивті әрі қызықты сұрақтар студенттердің теориялық білімдерін тексеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың аналитикалық ойлау қабілетін, құқықтық жағдайларда жедел әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытты. Викторина қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл викторина 1-курс студенттеріне өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге, бір-бірімен жақынырақ танысуға және командалық жұмыс қабілетін нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.