Қонақ дәрісі «Ақпараттық қауіпсіздік – өмір шындығы»

Осы жылдың 19 қарашасында маркетинг мамандығының студенттері киберқауіпсіздік саласының мамандарымен кездесті.

Кездесудің тақырыбы – «Ақпараттық қауіпсіздік – өмір шындығы».

 

 

Дәріс форматы – екі студенттік топ үшін онлайн:

 

  • күндізгі бөлім студенттері үшін 12:10-де;
    қашықтан оқитын студенттер үшін 15:10-де.

 

 

Спикерлер:

 

Алексей Жиленко – стратегиялық ойлау қабілеті бар, бизнеске арналған тиімді цифрлық шешімдер құру тәжірибесі мол IT саласының жетекшісі.

 

Алексей Жиленко:

  • IT-функцияны басқару, ақпараттық қауіпсіздік, бизнес-процестерді оңтайландыру, кешенді жобаларды жүргізу және инновациялық IT-өнімдер мен стартаптар жасау саласында маманданған;
  • корпоративтік жүйелерді, SaaS-платформаларды және аналитикалық шешімдерді әзірлеу мен ендіру тәжірибесіне ие, олардың барлығы операциялық тиімділікті, қорғалу деңгейін және бизнестің ауқымын арттыруға бағытталған;
  • технология мен бизнестің тоғысындағы жұмысты меңгерген, даму стратегиясын қалыптастырып, оның практикалық жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Yevgeniy Goncharov — DNA Architect және OpenBLD.net негізін қалаушы, Open SysConf.io конференциясының ұйымдастырушысы, Telegram желісіндегі бірнеше InfoSec қауымдастықтарының (Sys-Admin InfoSec, Sys-Admin Up) авторы. IT және CyberSec саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, GitHub-та 200-ден астам open source құралдарының авторы.
Yevgeniy Goncharov: «Ғарыштық идеяларды ойлап тауып, оларды жұмыс істейтін кодқа айналдыруды жақсы көремін. Технологиялар – қиял мен инженерия түйісетін орта деп санаймын».

 

Студенттер мен спикерлер талқылаған мәселелер:

 

  • кибершабуылдар мен фишинг түрлері;
  • қазақстандық компаниялардың корпоративтік деректерді қорғау стратегиялары;
  • кибергигиена;
  • «1С – бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыздандыруы IT шешімдері тұрғысынан;
  • әлемдік брендтердің өз беделін қорғау бойынша кейстері.

Кездесуді ұйымдастырушысы – «Тұран» университетінің Маркетинг және логистика жоғары мектебінің сениор-лекторы Каирова Асель Ахатканқызы.

Online қабылдау