Психология жоғары мектебі «Білім және мансап – 2025» халықаралық көрмесінде

2025 жылғы 19–21 қараша аралығында «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында «Білім және мансап – 2025» халықаралық көрмесі өтті. «Тұран» университеті өз білім беру бағдарламаларын таныстырып, көрме қонақтарына арналған бірқатар шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

 

Конференция залында қатысушылар Психология жоғары мектебінің өкілдері арқылы бірегей жобалармен танысып, практикалық білім алды:

 

  • 19 қараша – «Ми біздің кім болатынымызды қалай шешеді» тақырыбындағы дәріс. Дәрісті сениор-лектор, магистр Попов В.О. және студенттер тобы ұсынды.
  • 20 қараша – «Өзіңе көмектесу: емтиханға дайындықтың психологиялық тәсілдері» атты шеберлік сабағы. Оны биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шихова Ольга Михайловна жүргізді.

 

Аталған көрме талапкерлер, студенттер және заманауи білім мен мансаптық мүмкіндіктерге қызығушылық танытқан барша қауым үшін маңызды оқиғаға айналды.

 

Психология жоғары мектебі әлеуметтік желілерде

Online қабылдау