Психология жоғары мектебінің магистранттарына арналған ғылыми‑практикалық семинардың қорытындылары

22–23 қарашада «КПТ негіздері: теориядан практикаға – IV» атты ғылыми‑практикалық семинар өтті. Іс‑шара когнитивті‑мінездік терапияның іргелі теориялары мен заманауи тәсілдеріне арналды.

 

 

Екі күндік бағдарлама барысында қатысушылар мінез- құлықтық психотерапияның негізгі тақырыптарына терең үңілді:

 

  • И.П. Павловтың ілімі және психологиядағы объективтілік мәселесі;
  • Дж.Б. Уотсонның мінез‑құлық психологиясының пәні мен міндеттері;
  • Э.Л. Торндайктың инструменталды (құралдық) үйрету тұжырымдамасы;
  • Б.Ф. Скиннер бойынша операнттық үйрету ;
  • Тревождық бұзылыстардағы КПТ қолдану ерекшеліктері.

 

 

Семинардың жетекшілері:

 

  • Станкина Елена Владимировна – клиникалық психолог, гештальт‑терапевт, КПТ‑терапевт;
  • Пономарев Роман Дмитриевич – клиникалық психолог, КПТ‑терапевт.

 

Спикерлер өздерінің кәсіби тәжірибесі мен практикалық құралдарын бөлісіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл семинарды мазмұнды әрі болашақ мамандар үшін барынша пайдалы етті.

 

Іс‑шараға «Клиникалық психология» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты. Олар үшін семинар классикалық теориялармен танысуға ғана емес, сонымен қатар олардың қазіргі когнитивті‑мінездік терапия тәжірибесінде қалай қолданылатынын көруге мүмкіндік берді.

 

Психология жоғары мектебі әлеуметтік желілерде

Online қабылдау