Наурыз айы – құқық, мәдениет және шабыт айы

Көктем жаңа мүмкіндіктер мен тың жаңалықтардан басталады! Наурыз айында біз ғылымды, тарихты, әдебиетті және ұлттық дәстүрлерді тоғыстырған кітап көрмелерінің топтамасын дайындадық.

 

 

⚖️ Фемида

 

Ұсынылған жинақта қылмыстық және азаматтық құқық, конфликтология, нотариат, адвокатура, сот сараптамасы, көші-қон мәселелері, сондай-ақ халықаралық, теңіз, әуе және ғарыш құқығы бойынша басылымдар қамтылған.

 

 

🔎 Crime Scene
Жұмбақ пен шиеленісті оқиғаларды ұнататындар үшін детектив, триллер, мистика және драма жанрларындағы үздік шығармалар топтастырылды. Авторлар қатарында – Агата Кристи, Ю Несбё, Александра Маринина, Стивен Кинг бар.

 

 

📖 FemBooks
Халықаралық әйелдер күніне орай күшті, шабыттандыратын және жан-жақты әйелдер туралы көркем әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

🤝 Қазақстан халқы Ассамблеясы

 

Көрме еліміздің мәдени әралуандылығымен таныстырады. Ұсынылған кітаптарда Қазақстанда тұратын этностардың тарихы, дәстүрлері мен рухани құндылықтары баяндалады. Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне орай ұйымдастырылып, ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайту идеясын дәріптейді.

 

 

🌿 Наурыз

 

Көктем мерекесі қарсаңында Наурыздың салт-дәстүрлері мен рәміздері, ұлттық тағамдар, музыкалық аспаптар және қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы кітаптар ұсынылады. Ұлыстың ұлы күніне арналған бұл көрме – айдың ең көркем әрі мазмұнды экспозициясы. Ұлттық тұрмыс, музыка мен гастрономия эстетикасына бірге қанығайық!

Online қабылдау