2026 жылдың 13 наурыз мен 02 сәуір аралығында «8D03101 – Психология» білім беру бағдарламасының екі докторанты Германиядағы Лейпциг университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті

1409 жылы негізі қаланған Universität Leipzig Германия мен Еуропадағы ең көне әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Лейпциг университеті – 150-ден астам ғылыми институттар мен орталықтарды біріктіретін, шамамен 190 білім беру бағдарламасын ұсынатын заманауи оқу орны. Universität Leipzig өзінің әмбебаптығымен ерекшеленеді: ол жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар салаларында бірдей жоғары деңгейде дамыған. QS халықаралық рейтингінің мәліметі бойынша, университет әлемнің үздік жоғары оқу орындарының ішінде 527-орында тұр. Университет академиялық жетістіктер мен инновациялардың бай тарихымен танымал. Оның түлектері қатарында Нобель сыйлығының 9 лауреаты, сондай-ақ И. В. Гете, Г. В. Лейбниц, Р. Вагнер, Ф. Ницше, М. Вебер, Л. фон Ранке, Ангела Меркель және басқа да көрнекті ғалымдар мен саясаткерлер бар.

 

Докторанттар Амирбекова Мархабат Амирбековна мен Уакасова Меруерт Беріковнаның шетелдік тағылымдамасы олардың шетелдік ғылыми кеңесшісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Алена Ильинична Гарбердің жетекшілігімен өтті.

 

Тағылымдама барысында докторанттар докторлық диссертацияларын жазу аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми зерттеу қызметі бойынша кеңестер алды, жетекші профессорлардың дәрістері мен семинарларына қатысты, ғылыми-әдістемелік семинарларға қатысып, университеттің кітапхана ресурстарымен танысты. Бағдарлама соңында докторанттарға шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.

Online қабылдау