TISDC-26 Халықаралық дебат турнирі

2026 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында «Тұран» университетінде ағылшын тіліндегі халықаралық дебат турнирі ­– Turan International Schools Debating Championships 2026 (TISDC 2026) өтті.

Чемпионатқа 7 елден: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Мозамбик, Малави, Мьянма және Филиппиннен келген 47 команда құрамында 145 қатысушы қатысты.

Турнир «Тұран» университеті мен «Your Vision» ЖШС бірлесіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Екі күн бойы қатысушылар – 9–11(12) сынып оқушылары мен колледж студенттері — зияткерлік раундтарда бақ сынап, ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергенін, сыни ойлау мен аналитикалық қабілеттерін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша:

 

  • 1 орын — Straw Hat Pirates (Haileybury Almaty)

    • Donald Townsend

    • Rafi Wijayanto

    • Ilias Saidzada

  • 2 орын — HTA GOATS (High Tech Academy)

    • Maxim Li

    • Gerey Tatishev

    • Timofey Chsherbinin

  • 3 орын — Watch Out (High Tech Academy) және Berlin A (Shymkent schools)

    • Danesh Auezova

    • Darina Ospanova

    • Arlan Kudabayev

    • Kodirkhon Osmanalikhonov

    • Egor Kurnosov

    • Iskandar Rakhmankulov

Турнирдің ең үздік спикері болып орташа 72.00 балл жинаған Egor Kurnosov танылды.

«Үздік төреші» марапаты Zaineyeva Angelina-ға берілді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Тұран» университетінде оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер ұсынылады.

TISDC 2026 халықаралық академиялық алаң ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстанның зияткерлік білім беру бастамаларын дамыту орталығы ретіндегі позициясын нығайтты.

Толық ақпарат сайтта: www.yourtournament.kz

Online қабылдау