Психология ғылымдарының докторы, профессор Ерментаева Ардак Ризабековнаның құрметіне арналған «Қазақстан мен әлемдегі психология: тәжірибесі, беталысы және келешегі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Туран» университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сіздерді психология ғылымдарының докторы, профессор Ерментаева Ардак Ризабековнаны еске алуға арналған «Қазақстан мен әлемдегі психология: тәжірибесі, беталысы және келешегі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

 

Конференцияға жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер, жас зерттеушілер, психология және педагогика саласындағы жетекші ғылыми мамандар шақырылады.

Конференция 2026 жылғы 17 сәуірде офлайн және онлайн форматта өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өткізу орны: «Туран» университеті (Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 16а, 207-офис, 2-қабат)
Басталу уақыты: 10.00.

 

Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары:

  1. XXI ғасырдағы білім беру жүйесіндегі практикалық психология: қиындықтары, трендтер, шешімдер.
  2. А.Р. Ерментаеваның ғылыми-практикалық мұрасы.
  3. Қоғамды цифрландыру, психологиядағы жасанды интеллект: зерттеудің жаңа көкжиектері мен мүмкіндіктері.
  4. Тұлғаның психологиялық денсаулығы мен әл-ауқаты: субъектілікке бағдарланған тұғыр.
  5. Инклюзивті білім беру: субъектілік және тең мүмкіндіктер.
  6. Қазақстандағы жастар арасында стресс пен депрессияны азайту үшін MBSR (Mindfulness-Based Stress Reduction) тәжірибесін қолдану.

 

Өтінімдер мен мақалаларды ұсыну мерзімі: Ұйымдастыру комитетінің abdramanovadinara81@gmail.com электрондық поштасына 2026 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей жіберілуі қажет:

1) талаптарға сәйкес ресімделген мақала;
2) үлгіге сәйкес ресімделген қатысушының өтінімі;
3) мақаланы жариялау ақысыз

 

Байланыс телефоны: +7 707 111 45 07

Абдраманова Динара Ермаханбетовна: abdramanovadinara81@gmail.com (осы эл.почтаға конференция материалдары қабылданады).

 

Ақпараттық хат

Online қабылдау