Спикер ретінде Халықаралық төрелік соты төрағасының орынбасары Ғизатов Ғизатолла Мәжитұлы сөз сөйледі. Дәріс барысында ол өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, мүлікті сенімгерлік басқарудың негізгі аспектілерін ашып көрсетті, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелеріне тоқталды. Студенттер өз білімдерін тереңдетуге, қызықтырған сұрақтарын қоюға және спикердің кәсіби қызметінен алынған нақты кейстерді талқылауға мүмкіндік алды. Мұндай қонақ дәрістерді өткізу болашақ заңгерлердің практикалық дағдыларын дамытуға және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.