«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде Алматы қаласының нотариусы және медиаторы Алтынай Макешеваның қатысуымен қонақ дәрісі өтті

Дәріс барысында спикер қарыздық міндеттемелердің бар екендігін, қорлау, жала жабу, бопсалау, буллинг, авторлық материалды ұрлау және интернет желісінде жалған ақпарат тарату фактілерін нотариалдық түрде бекіту тақырыбында баяндама жасады. Қатысушыларға цифрлық ортада дәлелдемелерді нотариалдық түрде бекіту қалай жүзеге асырылатыны және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған қандай құқықтық тетіктер бар екені жан-жақты түсіндірілді. Кездесу аясында Алтынай Макешева өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби қызметінен нақты мысалдар келтіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Қонақ дәрісі білім алушылардың практикалық білім алуына және құқықтық сауаттылығын арттыруға пайдалы алаң болды.

Online қабылдау