Тұран университетінің Құқық жоғары мектебінде конституциялық реформаның тақырыбына арналған, конституциялық заңнаманың дамуының мәселелері мен перспективаларына бағытталған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Тұран университетінің Құқық жоғары мектебі, Тұран университеті жанындағы Құқық ғылыми-зерттеу институты, Caspian University жанындағы Жария құқық ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.Отырыс барысында қатысушылар конституциялық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін, мемлекеттік және құқықтық жүйені реформалаудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңі контекстіндегі институционалдық өзгерістерді талқылады. Конституциялық жаңалықтарды іске асырудың практикалық аспектілеріне және олардың құқық қолдану тәжірибесіне әсеріне ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел ғылыми қауымдастық өкілдерін, конституциялық құқық саласындағы сарапшыларды, тәжірибелі заңгерлерді және білім алушыларды біріктіріп, кәсіби диалог пен пікір алмасуға тиімді алаң болды.