Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі Астана қаласындағы Diplomat Club-пен бірлесіп 9 сәуір – 9 маусым аралығында арнайы кәсіби даярлық мектебін ұйымдастыруда. Бұл бағдарлама студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, дипломатиялық және халықаралық қатынастар саласындағы білімдерін жетілдіруге арналған.
Бағдарламаға қатысатын студенттер арнайы гранттарға ие болып, кәсіби даярлық мектебіне тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мүмкіндік студенттерге болашақта халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссияларда жұмыс жасау үшін тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды.
Кәсіби даярлық мектебіне жолдама алған студенттерді шын жүректен құттықтаймыз. Олардың алдағы уақытта да білімдерін тереңдетіп, кәсіби жетістіктерге жететініне сенім білдіреміз.
Жеңімпаздар:
Барлық жеңімпаздарға және Astana Diplomat Club қатысушыларына сәттілік тілейміз! Болашақта да сіздердің кәсіби жетістіктеріңіз бен білім саласындағы жетістіктеріңізге куә болуды асыға күтеміз.