2026 жылғы 7 сәуірде «Тұран» университетінде жасанды интеллект, математикалық модельдеу және есептеу технологияларының заманауи даму бағыттарына арналған қонақ дәрісі өтті.
Дәрістің спикерлері:
Сергей Иванович Кабанихин – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Сібір бөлімшесінің Соболев атындағы математика институтының бас ғылыми қызметкері (Новосибирск, Ресей);
Марат Амангелдіұлы Бектемесов – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ҚР ҒЖБМ Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының бас директоры (Алматы, Қазақстан).
Дәріс барысында кері және дұрыс қойылмаған есептерді шешудің өзекті ғылыми тәсілдері, акустикалық томография әдістері, сондай-ақ медициналық диагностика мен күрделі деректерді талдауда қолданылатын математикалық модельдер қарастырылды.
Сонымен қатар, цифрлық егіздерді әзірлеуде және медициналық бейнелеу міндеттерін шешуде жасанды интеллект пен суперкомпьютерлік модельдеуді қолдануға ерекше назар аударылды.
Іс-шарада жасанды интеллект саласындағы пәнаралық зерттеулердің негізгі бағыттары ұсынылды. Олардың қатарында: машиналық және терең оқыту, үлкен деректерді талдау, компьютерлік көру, когнитивті киберқауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіп, медицина, көлік және экология салаларына арналған интеллектуалды жүйелер бар.
Спикерлер заманауи жасанды интеллект жүйелерін дамытуда математикалық әдістердің, статистиканың және STEM-білімінің іргелі маңыздылығын ерекше атап өтті.
Іс-шараға Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің, Компьютерлік инженерия жоғары мектебінің және Телекоммуникациялар жоғары мектебінің оқытушылары қатысты. Олар ғылыми пікірталасқа белсенді қатысып, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, әрі қарайғы академиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Дәріс ғалымдар мен оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып, ғылыми өзара іс-қимылды нығайтуға және жасанды интеллект пен деректер аналитикасы саласындағы құзыреттерді дамытуға ықпал етті.
Дәріс модераторы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Информатизация және білім беру ғылыми-зерттеу институтының директоры Қали Сейілбекұлы Әбдиев.