«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Адвокаттың кәсіби этикасы және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Спикер ретінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, PhD докторы Батырбай Н.М. сөз сөйледі. Ол студенттермен адвокаттық қызметтің тәжірибелік қырларымен бөлісіп, заң тәжірибесіндегі кәсіби этиканың маңызы мен құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы баяндады. Іс-шара модераторы ретінде заң ғылымдарының магистрі, сениор-лектор Калмырза F.M. болды. Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңгерлік мамандықтың өзекті мәселелерін талқылап, адвокаттық қызмет саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.