Іс-шараға шақырылған сарапшылар – адвокаттар, құқық қорғау органдарының және нотариат саласының өкілдері қатысты: Жақыпбаев Нақып, Дүйсенбаева Гүлназ Жұмабайқызы, Абданбаева Ғажайып Алайдаровна, Жантөлеуова Әсел Сыдықхановна. Іс-шараның модераторы Құқық жоғары мектебінің директоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Джумабаева Қарлығаш Асылхановна болды.Дөңгелек үстел барысында құқықтық сауаттылық, құқықтық тәртіп және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңның рөліне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттерге құнды тәжірибе алуға, сарапшыларға сұрақтар қоюға және кәсіби білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.