«Тұран» университеті 2026 жылғы 25 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «6B06101 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың (бұдан әрі – РПО) II кезеңіне қатысуға шақырады.
РПО-ның негізгі мақсаттары мен міндеттері: студенттердің оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, олардың кәсіби және тұлғалық әлеуетін, өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі жүзеге асыру және бекіту үшін жағдай жасау, азаматтық ұстанымды қалыптастыру, ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған белсенді кәсіби көзқарасты қалыптастыру.
РПО-ның II кезеңіне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының «6B06101 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттері қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынымдарына сәйкес, I кезең қорытындысы бойынша әрбір ЖОО 3 студенттен тұратын 1 команда жасақтайды. Команданы міндетті түрде жетекші сүйемелдеуі тиіс.
РПО екі турдан тұрады: I тур – теориялық, II тур – бағдарламалау.
I тур (теориялық) – әр қатысушы үшін «Компьютерлік желілер» және «Деректер базасы» пәндері бойынша жеке тестілеу форматында өткізіледі (жеке нәтиже, бірақ командалық есепке алынады).
II тур (практикалық) – командалық түрде бағдарламалау тапсырмаларын шешу (контест) форматында https://codeforces.com/ платформасында өткізіледі (C++, C#, Python, Java, JavaScript, Pascal).
РПО жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері.
Қатысуға өтінім 2026 жылғы 17 сәуірге дейін (қоса алғанда) тіркеу формасы арқылы (сілтеме) келесі құжаттармен бірге қабылданады:
1) Ректор қол қойған және мөрмен расталған ЖОО-ның ресми бланкіндегі ілеспе хат;
2) 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
3) XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың I кезеңі қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес отырысы хаттамасынан үзінді;
4) Қатысушылардың электрондық студенттік билеттері.
Өтінімнің түпнұсқасы және жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке куәлік және электрондық студенттік билет) келген кезде ұсынылуы тиіс.
Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар (келу, кету, тамақтану, тұру) жіберуші тараптың есебінен өтеледі. Команда мүшелері өзімен бірге жеке куәлігін және электрондық студенттік билетін алып жүруі тиіс.
Ұйымдастыру комитеті:
Ким Екатерина Романовна, ұялы тел.: +7 777 702 44 72, e-mail: it_conference@turan-edu.kz
050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 16а, «Тұран» университетінің бас оқу ғимараты, 309 кабинет.
Қосымша ақпарат «Ереже» сілтемесінде қолжетімді.