Алматы қаласының Алатау ауданындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы

«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің сениор-лекторы Аталықова Г.Ш. қабылдау комиссиясының өкілдерімен бірлесе отырып, Алматы қаласының Алатау ауданында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді. Іс-шаралар №210 лицейі мен №156 мектепте өтті. Кездесулер барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары, оқу процесінің ерекшеліктері және құқықтану саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Заманауи қоғамдағы заңгер мамандығының маңыздылығына және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысына ерекше назар аударылды. Оқушылар диалогқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университеттегі оқу мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы толық жауаптар алды.

Online қабылдау