Құжаттарды қабылдау:
- 3 шілдеден 3 тамызға дейін;
- 25 қазаннан 10 қарашаға дейін.
Тұран университетінің докторантурасы ғылыми, ғылыми-педагогикалық, өндірістік және инновациялық қызмет салалары үшін жоғары ғылыми білікті мамандарды элиталық даярлауды қамтамасыз етеді.
Оқытуды жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, оның ішінде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарынан шақырылған шетелдік профессорлар жүргізеді.
Докторлық диссертацияны дайындау жоғары ғылыми қызметпен үйлеседі: докторанттар GUESSS жобасына – студенттер арасындағы кәсіпкерлік сезімдерді зерттейтін ғаламдық жобаға қатыса алады («Тұран» Университеті – Қазақстандағы негізгі ғылыми-зерттеу мекемесі), сонымен қатар Triple Helix жобалары («Тұран» университеті Халықаралық Triple Helix қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігін басқарады).
Университетте PhD дәрежесін алу үшін «Экономика. Менеджмент. Қаржы», «Психология», «Құқықтану» мамандықтары бойынша диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңестер жұмыс істейді.
Докторанттар жетекші шетелдік университеттерде және ғылыми-білім беру орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Барлық докторанттардың ғылыми зерттеулердің нәтижелерін университеттің мерзімді басылымында — ғылыми нәтижелерді жариялау үшін ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдар тізіміне кіретін «Тұран университетінің хабаршысы» ғылыми журналында жариялауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, университет жыл сайын халықаралық ғылыми конференциялар өткізеді, олардың материалдары бойынша ISBN бар ҚР Кітап палатасында тіркелген жинақтар шығарылады. Университетте Қазақстанда да, шетелде де түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар туралы ақпарат бар ҒЗЖ бөлімі жұмыс істейді.
Ақпараттық буклетті жүктеп алыңыз