Жоғары бизнес мектебі – университеттің жас бөлімі болып табылады.
Жоғары бизнес мектебі бизнес пен білім берудің барлық салаларындағы соңғы тенденцияларды қадағалайды. Оқытушылар мен сарапшылардың үлкен практикалық тәжірибесі бар. Осылайша, оқыту – тәжірибе алмасу мен серіктестік орнату үшін ең заманауи білім мен дағдыларды, жеке тіл табысуды, пайдалы және қызықты байланыстарды алуға мүмкіндік береді.
Жоғары бизнес мектебі ағылшын тілінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын, жоғары оқу орнынан кейінгі (МВА, ЕМВА және DBA) және қосымша бизнес – білім беруді, сондай-ақ тілдік даярлықты іске асыру бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады.
Профессорлық-оқытушылық құрамды ірі отандық және халықаралық компаниялардың топ-менеджерлері қатарынан көрнекті оқытушылар, жоғары мектептің тәжірибелі оқытушылары (профессорлар, доценттер), бизнес-практиктер ұсынады.
- Нурмуханова Гульнара Жагыпаровна – э. ғ. д., “Еуразия” Халықаралық Академиясының толық мүшесі, “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін”төсбелгісімен марапатталған.
- Кузнецова Ольга Николаевна – Э. ғ. к., ЖАК доценті, білім берудің еңбек сіңірген қызметкері, 2016 жылы “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына” орай медальмен марапатталды.
- Тусаева Алия Куанышовна– э.ғ.к., “Іскерлік әкімшілендіру” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Brunel University (Ұлыбритания) және University of Castilla-La Mancha (Испания) ғылыми тағылымдамадан өту бойынша “Болашақ” халықаралық бағдарламасының стипендиаты; OpenU платформасында “мемлекеттік қаржы” МООС курсын әзірлеуші.
- Абсаметова Айгуль Малисовна -MSc in management, э. ғ. к., “Іскерлік әкімшілендіру” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, “Болашақ”халықаралық бағдарламасының стипендиаты.
- Темиргалиева Асель Касималиевна – Schneider Electric Kazakhstan қаржы директоры, бизнес-жаттықтырушы; “The Best CFO 2022” сыйлығының иегері (Қазақстанның үздік қаржы директоры 2022), трансұлттық, халықаралық компаниялардың корпоративтік қаржысы мен қаржылық есептілігінде 14 жылдан астам тәжірибесі бар қаржы сарапшысы.
- Оспанов Тимур Тулегенович – MBA (Yokohama National University), “іскерлік әкімшілендіру”кафедрасының сениор-лекторы. Әуе жүк тасымалы, қойма логистикасы, индустриалды парктер және арнайы экономикалық аймақтар саласында 14 жылдан астам тәжірибелік логистикада тәжірибесі бар.
- Карабаева Наргиз Шавкатовна – MBA PR және коммуникация, маркетинг және SMM-де 10 жылдан астам жұмыс атқарған.
- Евгений Хан Анатольевич – “Армтек” МК СБЕ БТ логистика басқармасының бастығы.