ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Білім беруді ақпараттандыру ғылыми-зерттеу институты

Құрылған күні: Қаңтар 2021

Байланыс: эл. почта – k.abdiyev@turan-edu.kz,  ішкі телефон нөмірі – 1047

 

Қызметтің мақсаты:

Университеттің Сапа кепілдігі саясатына сәйкес жоғары білімді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік және өзекті практикалық мәселерін зерттеу

 

Тапсырмалар:

  1. Оқу процесін ақпараттандыру, негізгі және бейіндік  деңгейдегі пәндерді оқытуға сандық технологияларды ендіру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу
  2. «Білім берудегі және ғылымдағы АКТ» бағытындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер бойынша жобаларды әзірлеу және іске асыру: өзін-өзі ақтау принципі бойынша; университет деңгейінде; ҚР БҒМ және басқа мекемелер гранттары бойынша.
  3. Институтттың зерттеу бағыттарын дамыту мақсатында бюджеттен тыс қаражатты тарту

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • білім беруді ақпараттандыру, сандық технологияларды ендіру мәселелері бойынша басқа ғылыми мекемелермен бірлесіп зерттеу жүргізу;
  • оқу процесіне АКТ ендіру бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізуге және жобаларды іске асыруға қатысу;
  • студенттерді, магистранттарды және докторанттарды ғылыми және инновациялық жобаларға тарту

Институт жобалары

Қазіргі кезде институт келесі жобаларды жүзеге асыруда:

 

КИНЭС сайтын жасау (пәнаралық жоба  – АТ, маркетинг, журналистика). Жобаны іске асыру барысында білім алушылар өз кәсіптері бойынша құзыреттіліктерді меңгереді. Бұл жобаны іске асыру үшін студенттер мен магистранттар арасынан белсенді жас адамдарды күтеміз.

 

Әр түрлі пәндерден СӨЖ, ОСӨЖ өткізу бойынша  цифрлық оқу басылымдары (АКТ, және басқа да пәндер), әдістемелік нұсқаулар әзірлеу.  Қазір жобаның сипаттамасы дайындалуда.

 

«Педагог» КС кәсіптер карточкаларын әзірлеу    –  «Тестілеу процесін ұйымдастырушы», «Тапсырмалар қорын қалыптастыруды ұйымдастырушы», «Тест тапсырмаларын әзірлеуші», «Тестолог» – Ұлттық тестілеу орталығымен, «Қазақстанда білім сапасын бағалау» қоғамдық ұйымымен бірлескен жоба. 2022 наурыз-сәуірінде ЖОО және тестілеу орталықтарының мамандарына сауалнама жүргізіледі.

 

2020-2024 жылдарға арналған Университет стратегиясының аясында жүзеге асыруға ұсынылған жобалар. Институт келесі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға қатысады:

 

2-ші мақсат

1-ші міндет: Оқытудың жаңа әдістерімен таныстыру және оқу процесіне ендіруге арналған ақпараттық жүйені жасау. Проект «Оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары» депозитарийі.

2-ші міндет: Оқу-әдістемелік кешендерді, барлық оқу басылымдарын цифрлық форматқа көшіру. «Цифрлық оқу басылымы» жобасы.

4-ші міндет: Оқыту нәтижелерінің сапасын бағалаудың ішкі жүйесін дамыту. Бағалау құралдарының қорын қалыптастыру.

Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: