ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

PhD докторантураға құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1-15 қарашасы аралығында

Тұран университеті «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды, оған сәйкес докторантураға өтініштер қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында қосымша жүзеге асырылады.⠀

 

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізіледі.

 

Егер Сіз жазда оқуға түсу үшін құжаттарыңызды тапсыруға уақытыңыз болмаса, онда қазір қалаған нәрсеңізді жүзеге асырудың керемет мүмкіндігіне ие болдыңыз!

 

Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Ректордың атына өтініш;
  • Жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы (магистр дипломы);
  • 3х4 фотосурет (6 дана);
  • 075/у формасындағы медициналық анықтама;
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) IELTS Academic – кемінде 5,5, TOEFL IBT – кемінде 46, TOEFL PBT – кемінде 453), DSH – Niveau В2/В2 деңгейі, Test DaF – Prufung –Niveau В2/В2 деңгейі, TFI –В2 деңгейінен төмен емес, DELF – B2 деңгейі, DALF – В2 деңгейі, TCF – кемінде 50 балл;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
  • Соңғы 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).

* 6) және 7) тармақшаларда аталған құжаттар түпнұсқа мен көшірме түрінде ұсынылады, олар салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

 

Докторантураға түсу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Нөмірі бойынша кеңес беру: 7(727)260-40-00, 7(727)260-40-23.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: