Оқушыларға арналған “Turan Next Generation (Science Project)” байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз

2022 жылдың 20 сәуірінде Тұран университетінде «Turan Next Generation (Science Project)» мектеп жобалары байқауының екі бағыты бойынша (ғылыми-зерттеу және кәсіпкерлік) жеңімпаздары марапатталды.

 

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға және мектеп оқушыларының ғылым мен кәсіпкерлік саласындағы инновациялық әлеуетін дамытуға ықпал ету.

 

2022 жылдың жеңімпаздары Тұран университетінде естелік сыйлықтарға, сертификаттарға және оқуға жеңілдіктерге ие болды.

 

Зерттеу бағыты:

  • 1 орын – Кырбасов Тимур Жандосович, №15 гимназия
  • 2 орын – Бекмурза Даулет Масымханович, №132 гимназия
  • 3 орын – Касымов Дияр, «Тұран» лицейі

Кәсіпкерлік бағыт:

  • 1 орын – Чигамбаев Абай Темырбаевич, 48 мектеп-лицейі
  • 2 орын – Худяков Ян Николаевич, №57 мектебі
  • 3 орын – Исмаилова Ясмин, «Тұран» лицейі

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Қабылдау комиссиясы